- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы алғашқы медициналық көмек көрсету шығыны еліміздің барлық аймақтарында теңестіріледі - С.Ахметов
2014 жылы алғашқы медициналық көмек көрсету шығыны еліміздің барлық аймақтарында теңестіріледі - С.Ахметов
«Мемлекет басшысы алғашқы көмек көрсету қызметін одан әрі дамытып, оны денсаулық сақтау саласының басты жаһандық бөлігіне айналдыруды тапсырды. Алғашқы көмек көрсету саласына жан басына шаққандағы нормативті енгізу арқылы оны қаржыландыру саласындағы қарама-қайшылықты орнына келтірдік. Сонымен бірге, алғашқы медициналық көмек алуды барлық азаматтарға бірдей қолжетімді еттік», - деді С. Ахметов.
Өз кезегінде, министр С. Қайырбекова ведомство басшысы Салидат Қайырбекова, туу көрсеткішінің тұрақты өсуі мен ана өлімінің тұрақтануы халықтың табиғи өсім деңгейін 4,6% артқанын тілге тиек етті. Сонымен бірге, 2012 жылы өмір сүру ұзақтығы 69,61 жас болса, бір жылдың ішінде ол 0,69 жасқа артып, 2013 жылы өмір сүру ұзақтығы 70,3 жасты құрады. Есептік кезеңде, ана өлімі 6,7%-ға, бала өлімі 17%-ға, туберкулездан 24%-ға, ал, жазатайым оқиға мен уланудан және жарақаттан 6,9%-ға төмендеді, деп ескертті.
С. Ахметов атап өткендей, 2012 жылы жанбасына шаққанда аймақтарда алғашқы көмек көрсету шығыны бір айға 160-тан 480 теңге аралығында қарастырылса, 2014 жылы ол барлық өңірлерде айына 800 теңге болып бекітілді.
«Жалпыхалықтық денсаулық сақтауды дамыту, адамдар арасында салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызын түсіндіру жұмыстарына баса мән беру керек. Жұмыс берушілер деңгейінде қол астындағы жұмыскерлердің денсаулығының сақталуына жауапкершілікті сезінуге механизмін енгізу керек. Атап айтар болсақ олар кәсіби қаралу, салауатты өмір сүру салтын ұстану, дұрыс тамақтану мәселелері», - дейді Үкімет басшысы.
Ведомство қызметкерлерінің алқа мәжілісіне ҚР Парламенті депуттары, ҚР Президенті Әкімшілігі қызметкерлері, Премьер-Министр Канцеляриясы қызметкерлері, орталық және жергілікті атқару орган жетекшілері, республикалық денсаулық сақтау ұйымы жетекшілері қатысты.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда