ШОБ Қазақстанның экономикалық дамуының негізі болады – А.Кондур (АҚШ)

28 Қаңтар, 2014 18:30
ҚР Президентінің Жолдауында айтылған шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасның негізіне айналады, дейді Америка Құрама Штаттарының кәсіпкері, банкир Александр Кондур.

«Маған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту идеясы қызығушылық тудырады, өйткені ол ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады», - дейді А.Кондур.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда инновация мен салаларды дамыту процесі Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда қарқынды жүргізілуде.

«Американың іскерлік ортасымен Қазақстандық стратегия дамыту бағасы айтарлықтай оң нәтиже әкелмек. Қазақстанды АҚШ сенімді әріптес ретінде көреді. Өйткені Қазақстанның алдағы уақытта тек алға өрлейтінін біледі», - дейді А.Кондур.

Барлық жаңалықтар