- Басты
- Жаңалықтар
- Отандық білім мен ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету 2014 жылғы Жолдаудың басты артықшылығы - профессор А.Күрішбаев
Отандық білім мен ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету 2014 жылғы Жолдаудың басты артықшылығы - профессор А.Күрішбаев
«Елбасының әр Жолдауы еліміздің даму динамикасын анықтайтын тарихи құжат. Ағымдағы жылдың «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылуы бойынша стратегиялық бағдарлама болып табылады. Оның ішінде әр сала бойынша мемлекеттің даму кешендері қарастырылып, шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін негізгі құрал деп атап өтілген», - деді Ақылбек Күрішбаев.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры атап өткендей, отандық білім мен ғылымға мемлекеттік қолдау көрсету 2014 жылғы Жолдаудың басты артықшылығы.
«2050 жылға дейін Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салаларын дамытуда сапасы жоғары білім жүйесін қалыптастыру және қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру басты бағыт болып табылады. Осы ретте Жолдауда ұлттық білім мен ғылымның әр сатысында нақты шараларды жүзеге асыру және қаржыландыру көрсеткішін ЖІӨ 3 % қамтитындай дәрежеге жеткізу көзделген. Өз кезегінде мұндай шаралар саланың дамуына тың серпіліс алып келері даусыз», - деп Ақылбек Күрішбаев ағынан жарылды.
Профессордың айтуынша, Елбасының халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында есептейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ағымдағы оқу жылы ғылымды дамыту жылы болып жарияланды.
«Мемлекет бсшысының тапсырмасы бойынша, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан әлемдік деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталығы бой көтереді. Бұл біздің Президенттің Жолдауында атап көрсеткен міндеттерді жүзеге асырудағы өзіндік үлесіміз болады», - деді Ақылбек Күрішбаев.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері