- Басты
- Жаңалықтар
- Соңғы бес жылда ана өлімі 3 есеге төмендеді - ДСМ
Соңғы бес жылда ана өлімі 3 есеге төмендеді - ДСМ
«Елбасының халыққа Жолдауында 2050 жылға ұзақмерзімді болжау жүйесін жасақтау барысында ведомство Еурооддаққа мүше елдердің орташа статистикалық көрсеткіштерін назарға алды. Жолдауда айтылғандай 2050 жылға дейін өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа жеткізу үшін, мемлекеттің бүгінгі табиғи өсім деңгейін сақтап қалу керек. Есептік кезеңде, ана өлімі 6,7%-ға немесе соңғы үш жылда 1,5 есе төмендеді. Осылай жалғаса беретін болса, еліміз Еуроодақ көрсеткішіне 2030 жылы қол жеткізеді», - деді Салидат Қайырбекова.
Осы ретте айта кетерлік жайт, 2013 жылы Ақмола, Атырау облыстары мен Астана қаласында ана өлімі бойынша республикалық көрсеткіш жақсарды. Ал, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Жамбыл облыстарындағы ахуал көңіл көншітпейді.
Ведомство басшысы Салидат Қайырбекова, туу көрсеткішінің тұрақты өсуі мен ана өлімінің тұрақтануы халықтың табиғи өсім деңгейін 4,6% арттырды. Егер, 2012 жылы өмір сүру ұзақтығы 69,61 жас болса, бір жылдың ішінде ол 0,69 жасқа артып, 2013 жылы өмір сүру ұзақтығы 70,3 жасты құрады. Есептік кезеңде, ана өлімі 6,7%-ға, бала өлімі 17%-ға, туберкулездан 24%-ға, ал, жазатайым оқиға мен уланудан және жарақаттан 6,9%-ға төмендеді.
Оның айтуынша, ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы көрсеткіштер жағымды.
«Соңғы бес жылда ана өлімі 3 есе, бала өлімі 1,5 есе төмендеді. Осы салада Қазақстан мың жылдық даму көрсеткішіне қол жеткізді десе де болады. Бұл жетістіктер ақпан айында еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық көрсеткішін жасақтау барысында есепке алынады. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке министрлік ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыру аясында қол жеткізді», - деді ол.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет