ҚР Президенті ҰҚК төрағасымен кездесті

28 Қаңтар, 2014 14:10
ҚР Президенті Н. Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесті,деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Н.Әбіқаев Қазақстан Президентіне ведомствоның қазіргі қызметі және алдағы кезеңдегі басымдығы бар міндеттері туралы баяндады», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.  

 

 

Барлық жаңалықтар