- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да электр энергиясын өндіру үшін биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы таза газ өндіру жоспарланып отыр – Н.Қаппаров
ҚР-да электр энергиясын өндіру үшін биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы таза газ өндіру жоспарланып отыр – Н.Қаппаров
«Басты көрсеткіш қалдықтардан «жасыл» энергияны өндіру көлемінің артуы болып табылады. Қазіргі жағдайда электр энергиясын өндіру үшін биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы таза газ өндіру жоспарланып отыр. Консервативті 2020 жылғы 5 пайыздан 2050 жылы «жасыл» қуат өндіру көлемін 30% арттыру жоспарланып отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, бағдарлама тиісті аумақтың кірлеуінің алдын алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз кезегінде тиісті жерлерге бөлу үшін қоқыс тасушы мен конвейер парктерін жаңарту арқылы халықтың қызметке қол жеткізуінің пайыздық көрсеткішін арттыруды мақсат етеді.
«Қазір биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткіші 10 пайызды ғана құраса, 2050 жылға дейін бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттырамыз деген мақсат қойып отырмыз. 2020 жылға дейін қоқыстардың қамтылуын 90 пайызға көтеру жоспарланып отырса, 2035 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деп күтілуде», - деді Н.Қаппаров.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жиналмалы материалдардың қалдықтарын жинау маңызды мәселе болып табылады.
Сондай-ақ, санитарлық полигондардың үлесінің артуы 2050 жылы 100 пайыз деп жоспарланса, 2020 жылы 50 пайыздық көрсеткішке қол жеткіземіз деп күтілуде.
«Басты мәселелердің бірі кәріз-тазалау желілерімен бірігіп ТҚҚ фракциясының биологиялық қайта өңдеу мүмкіндіктерінің болашағы. Аталмыш кешенді әдістер синергияны арттырып, «жасыл» қуатты өндіру көлемін көбейтеді. Аталмыш әдіс Ақтау қаласындағы жобаны дайындауда қолданылды. Бағдарлама бойынша ТҚҚ бөлек жинауды енгізу өз алдына бөлек мәселе», - деді министр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі