• Басты
  • ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы 2020 жылға таман санитарлық полигон үлесін 50 пайызға жеткізуді жоспарлауда
28 Қаңтар, 2014 10:35

ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы 2020 жылға таман санитарлық полигон үлесін 50 пайызға жеткізуді жоспарлауда

Қазақстанда ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы 2020 жылға таман санитарлық полигон үлесін 50 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Бұл туралы қоршаған орта министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырысында мәлімдеді.
ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы  2020 жылға таман санитарлық полигон үлесін 50 пайызға  жеткізуді жоспарлауда | Strategy2050.kz

«ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы  2050 жылға таман санитарлық полигон үлесін 100 пайызға, ал 2020 жылы 50 пайызға  жеткізуді жоспарлауда», - деді Н. Қаппаров.

Сондай-ақ, бағдарлама зиянды тұрмыс қалдықтарын жою  жүйесін енгізуді мақсатқа алып отыр. 2020 жылға қарсы олардың бөлік үлесін 35 пайызға, 2050 жылы 80 пайызға жеткізу көзделген.

«Негізгі көрсеткіш ретінде «жасыл» энергия қалдығын ұлғайту болып саналады. Аталмыш үрдісте биологиялық қайта өңдеудің арқасында газ өндіру бойынша жылу және электр энергиясының фракциясы басымдылыққа ие», - деді ведомство басшысы.

Қаппаровтың айтуынша, «жасыл экономика» үшін қажетті қалдықтарды қайту өңдеу көрсеткішін 2020 жылы 5%-дан бастап, 2050жылға дейін оның үлесін 30%-ға жеткізу көзделуде.

«Сонымен бірге, контейнерлік парктер мен қоқыс тасушы көліктерді жаңарту арқылы қамту,  халық өз бетінше шығара алмайтын көлемді қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын жинау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Егер қолға алынатын шаралар туралы айтатын болсақ, Бағдарламаға қалдықтарды қайта өңдеу арқылы шикізатқа айналдыру орталықтандырған кешенін және электр энергиясы өндірісі үшін  ТҚҚ биологиялық іріп кететін фракцияларды  қайта өңдеу жоспарланған», - деп Н.Қаппаров атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды