- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2050 жылға қарай биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарлануда – Н.Қаппаров
ҚР-да 2050 жылға қарай биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткішін 80%-ға дейін арттыру жоспарлануда – Н.Қаппаров
«Басты мақсат қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін биологиялық қалдықтарды бөлек жинау тәсілін енгізу болып табылады. Өйткені олардың жиналған жерінде қалдықты метан газы бөлініп шығады. Оның зияны қоршаған ортаға айтарлықтай шығын әкеліп, ауа-райының өзгеруіне әсер етеді және қалдықтардың жануына себеп болады. Қазір биоқалдықтарды бөлек жинау көрсеткіші 10 пайызды ғана құраса, 2050 жылға дейін бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттырамыз деген мақсат қойып отырмыз», - деді Н.Қаппаров.
Оның айтуынша, бағдарлама тиісті аумақтың кірлеуінің алдын алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз кезегінде тиісті жерлерге бөлу үшін қоқыс тасушы мен конвейер парктерін жаңарту арқылы халықтың қызметке қол жеткізуінің пайыздық көрсеткішін арттыруды мақсат етеді.
Министрдің айтуынша, 2020 жылға дейін қоқыстардың қамтылуын 90 пайызға көтеру жоспарланып отырса, 2035 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деп күтілуде.
«Сонымен қатар, жинақталған материалдардың қалдықтарын жинау маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі таңда көптеген өндірушілер өз өнімдерін жинауға мән беруді. Атап айтар болсақ, сусын шығарушылар өз ыдыстары мен шыныларын қайта қабылдау арқылы аталыш бастаманы қолға алып отыр. Және де пластикалық бұйымдарды да қайта қабылдау қайта өңдеп, бірнеше қайтара қолдануға мүмкіндік бар екеніне көз жеткізіп отырмыз», - деді министр.
Айта кету керек, 2013 жылдың қазан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін қолға алуды тапсырған еді.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді