- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын қабылдады
ҚР Үкіметі 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын қабылдады
Отырысты ашқан С.Ахметов бұл тұжырымдаманың Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша дайындалғанын атап өтті. Үкімет жастар саясатына байланысты бірқатар мәселелерді өткен жылдың желтоқсан айында жан-жақты қарастырды, содан бері тұжырымдама жобасы мемлекеттік органдармен қатар, еліміздің қоғамдық және жастар ұйымдарының қатысуымен кеңінен талқыланып, жалпыұлттық пікірталастар ұйымдастырылды.
Осы мәселе бойынша баяндаған ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» мақаласында, «Жас Отанның» съезінде және «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған негізгі ережелердің барлығы Тұжырымдамада қамтылғанын айтты.
«Жастардың ортасындағы жинақталған мәселелер жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың көкейкесті күн тәртібін қалыптастырды. Оның қатарында, жастарды қолжетімді баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру проблемалары бар. Бұл мәселелер біз әзірлеген Тұжырымдамада толығымен ескерілді»,-деді Б.Жұмағұлов.
2013 жылы жастар саясатын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 590 млн. теңге қарастырылған. Жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 940 млн. теңге көзделген. Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге артық, деді ол.
«Жаңа Тұжырымдаманың ерекшелігі - ол білім алушы жастарға ғана арналмаған. Ол жұмыс істейтін, ауыл жастарын қоса алғанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ жұмыссыз, маргиналды және тағы басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды»,- деп атап өтті Б.Жұмағұлов.
Сондай-ақ аталған мәселе бойынша ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, Қазақстан студенттері Альянсының жетекшісі Арман Абдоллаевтар сөйледі.
Талқылауды қортындылай келе, С.Ахметов бұл Тұжырымдама «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасына және жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негіз болатындығын атап көрсетті.
Үкімет Басшысы Білім және ғылым министрлігіне тиісті органдармен бірлесіп, ағымдағы жылғы 15-ші наурызға дейін Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын енгізуді, сондай-ақ заң жобасын дер кезінде Үкімет пен Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады