- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Сочи-2014 Олимпиадасында кемінде екі медаль алуды жоспарлап отыр – Е.Қанағатов
Қазақстан Сочи-2014 Олимпиадасында кемінде екі медаль алуды жоспарлап отыр – Е.Қанағатов
Оның айтуынша, қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасындағы жетістігі Ванкувер Олимпиадасының көрсеткішінен де жоғары болуы тиіс. Себебі 18 жылда қысқы спорт түрлерінен бірде-бір медаль алып көрмеген Қазақстан былтыр әлемдік біріншіліктерде бірнеше жүлде жеңіп алды.
«Болжам айту өте қиын. Бірақ былтырғы жылғы әлем және өзге де халықаралық турнирлердегі нәтижені көріп отырмыз. 18 жылда біз Әлем чемпионаттарында қысқы спорт түрлерінен медаль алып көрген жоқпыз. 2013 жылы Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Денис Тен, Денис Кузин сынды спортшыларымыз әлемдік біріншіліктерде жоғары жүлделі орындарды алды. Меніңше, Сочиде медаль алатындай оларда әлеует бар», - деді ол.
Сонымен қатар Қазақстан сноуборт пен шана спортынан алғаш рет қатысқалы отырғаны анық.
«Кем дегенде екі медаль - сондай талап құрама командаларымыздың алдына қойып отырмыз. Ол қандай медаль болады, оны сол спортшылар өзінің жетістігімен көрсете жатар, дегенмен кем дегенде екі медаль алу жоспарланып отыр. Фристайл-могулдан біздің Юля Галышева, Дмитрий Рейхард деген спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр, шорт-тректен біз командалық эстафетада жас спортшыларымызға үміт арта аламыз», - деп түйді сөзін Е.Қанағатов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты