- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Олимпиада құрамасының құрамына 50 спортшы енді
Қазақстанның Олимпиада құрамасының құрамына 50 спортшы енді
«Сочи-2014 Олимпиадасына қатысу құқығын Қазақстанның спорттың 10 түрі бойынша 50 спортшысы жеңiп алды. Салыстыру үшін айта кетейік, 4 жыл бұрын Ванкуверге еліміздің намысын қорғау үшін 37 спортшы аттанған еді. Олар спорттың 8 түрінен өнер көрсеткен», - деді Е.Қанағатов.
Оның айтуынша, Қазақстанның спортшылар делегациясын Олимпиада ойындарында 102 адам құрайтын болады. Соның ішінде 50-і спортшы болса, 31 жаттықтырушы қызмет көрсетушілер, 6 дәрігер мен массажшылар бар. Тағы 5 адам спортшылардың және командаларды үйлесітіру ісімен айналысса, тағы 5 ресми өкіл бар.
«Ел намысын қорғайтын спортшылар қысқы спорттың 10 түрiнен қатыспақ. Соның iшiнде шаңғы жарысы мен биатлонда он-оннан, мәнерлеп сырғанаудан - 2, фристайл могулдан - 5, фристайл акробатикадан - 4, шорт-тректен - 6, конькимен жүгiруден - 6, сноубордтан - 1, тау шаңғысынан - 4, шаңғымен секiруден - 1 және шана жарысынан 1 жолдама бар. Сонымен қатар, олармен бiрге 40 адам жаттықтырушы мен сервисмендер барады.
Спортшылар үш олимпиадалық қалашықта: тау шаңғысы, жағалаудағы олимпиадалық және қосымша тау бөктерiндегi қалашықтарда тұратын болады.
Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап барады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді