- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы Қазақстандағы газ экспортының көлемі шамамен 9 млрд текше метрді құрады – Ұ.Қарабалин
2013 жылы Қазақстандағы газ экспортының көлемі шамамен 9 млрд текше метрді құрады – Ұ.Қарабалин
«Тауарлы газдың дайындау көлемі өткен жылы 22,6 млрд текше метрді құрап, 2012 жылғы көрсеткіштің 104% құрады. Қазақстан өңірлерінің көгілдір отынды тұтыну көлемі шамамен 11 млрд текше метрді құрап, бір жылда 4 пайызға артқан», - деді министр.
Оның айтуынша, республикамыз арқылы өткізілетін транзиттік газдың көлемі 99 млрд текше метрді құрайды, бұл көрсеткіш 2012 жылғыдан 2 пайызға артық. Соның ішінде транзиттік көгілдір отынның 55% ресейге тиесілі болса, 36% - түркмендікі, шамамен 9% өзбекке тиесілі.
Сонымен қатар, өз баяндамасында министр 2013 жылғы мұнай мен конденсат экспорты көлемін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы 3 жылда Брент мұнайының ең көп деңгейі анықталған. Ол шамамен барреліне 110 доллардан келеді.
«Өткен жылы біздің мұнайдың экспорт көлемі мен конденсант көлемі 72 млн тоннаны құрап, 2012 жылғы көрсеткіштен 5 пайыз артық нәтиже берген. Тағы 9 млн тоннаның темір жол арқылы тасымалданғаны да анық», - деді Ұ.Қарабалин.
Министрдің айтуынша, саланың негізгі оқиғаларының бірі өткен жылы Атасу-Алашанькоу маршрутының кеңейтілуі болды. Онда 2013 жылдың желтоқсан айында 20 млн тонналық келісім түзіліп, Ресеймен бірқатар үкіметаралық маңызды келісімдер дайындалды.
«Отандық мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан ресейлік мұнайды дайындау құқына ие болып отыр. Ол үшін мұнайдың сапасы мен өзге де қасиеттері келісімшартта көрсетілгендей болуы керек», - деді министр.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды