- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 82 млн тоннаға жуықтады - Ұ. Қарабалин
2013 жылы Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 82 млн тоннаға жуықтады - Ұ. Қарабалин
«Жедел мәліметтер бойынша, 2013 жылы мұнай және конденсат өндіру көлемі 81,8 млн. тонн. жетіп, ғасырлық тарихы бар қазақ елі үшін жаңа меже болып қалды. Бұл индикативтік жоспардан 0,3%-ға төмен, ал, 2012 жылғы көрсеткіштен 3,2%-ға жоғары», - деді Ұ. Қарабалин.
Оның үстіне, министрдің айтуы бойынша, газды өндіру көлемі 42,3 млрд. текше метрге жетіп, жоспардан 4,4%-ға, өткен жылдың көрсеткішінен 5,4%-ға асып түскен.
«МӨЗ қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынды жүруіне қарамастан мұнайды өндеу деңгейі сол қалпында қалып отыр. Есептік кезең бойынша, 14,3 млн. тонн. мұнай өңделіп, жоспардан 3%-ға және алдағы жылдың көрсеткішінен 0,6%-ға асты», - деп Ұ. Қарабалин атап өтті.
Алайда, сұйытылған газды есепке алмағанда, кейбір мұнай өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеді.
«Мәселен, жанармай 2,7 млн. тонн. немесе 2012 жылмен салыстырғанда 94%-ға, әуекеросині 409 мың тонн. немесе 97%-ға, дизельді отын 4,1 млн. тонн. немесе 98,7% құрады», - деп МГМ басшысы түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуі алғашқы жарты жылдықта Ресейден келетін ашық мұнай өнімдерінің импортының тұрақсыз болуымен тығыз байланысты. Тауардың шектен тыс көп болуы МӨЗ жұмысын ты тоқтатып тастаған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды