- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік басқару Академиясы ТМД мемқызметкерлерін гранттық негізде оқытуды жоспарлап отыр – Б.Әбдірасілов
Мемлекеттік басқару Академиясы ТМД мемқызметкерлерін гранттық негізде оқытуды жоспарлап отыр – Б.Әбдірасілов
«Біз қазір Академиямызда білім алғысы келетін елдерге ҚР Президентінің грантын бөлу туралы шешімді дайындау жұмыстарымен айналысудамыз. Айта кетейік, соңғы 2-3 жылда Қырғызстан мен Тәжікстан елдеріндегі әріптестеріміз өздерінің 20 мемлекеттік қызметкерлерін біздің академияға білім алуға жіберді», - дейді ректор.
«Менің ойымша, егер біз гранттарды бөлу мәселесін шешетін болсақ, онда біз көршілес елдерге мемлекеттік қызмет саласында айтарықтай үлкен көмек көрсеткен болар едік», - деп жалғастырды сөзін Академия ректоры.
Әбдірасіловтың айтуынша, Өңірлік хабтың маңызы мемлекеттік қызмет саласын дамытуға негізделген. Оың айтуынша, мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту мен жақсарту мақсатында өз елімізге алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізуде таптырмас мүмкіндік.
«Қазір хаб құрамына 30 шақты ел енеді: олар АҚШ, Еуропа елдері, ТМД елдерінің барлығы, Монғолия, Ауғанстан мен Грузия. Менің пікірімше, бұл әсіресе қазіргі таңда жаңа мемлекеттің іргетасын құрып жатқан Ауғанстан үшін үлкен пайда әкелмек», - деді ректор.
Ректордың айтуынша, оқу орнының қабырғасында бүгінге дейін аталмыш мақсатта өңірлік хаб аясында бірнеше семинар ұйымдастырылған.
«Өңірлік хаб аясында бірнеше семинар өткіздік. Сонда байқағанымыз, өзгелерге қарағанда ТМД елдерінің қызығушылығы өте жоғары. Мысалға, біздің семинарға 12 елдің өкілдері келді. Оны ұйымдастырған біздің Академия мен Агенттік екені мәлім. Біздің мемлекетіміз дамып жатыр, экономикамыздың тасы өрге домалауда, қоғам дамуда, соған сай мемлекттік қызметте де алға ілгерілеушілік бар. Сондықтан көршілес елдер бізбен тәжірибе алмасып қалуға мүдделі болып отыр. Өңірлік хаб пайдалы мағлұмат алмасып, тәжірибемен бөлісуге жағдай жасайды», - дейді академия ректоры.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр