• Басты
  • Ақордада ҚР Президенті Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық жиын өтті
27 Қаңтар, 2014 14:40

Ақордада ҚР Президенті Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық жиын өтті

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаевтың жетекшілігімен ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық жиын өтті, деп хабарлайды ПӘ баспасөз қызметі.
Ақордада ҚР Президенті Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бойынша республикалық жиын өтті

«Шараға Президент Әкімшілігі, Үкімет, Премьер-Министр канцеляриясы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты, жауапты хатшылар, министрлік пен ведомство жетекшілері, әкім орынбасарлары мен Астана мен Алматы қаласы және облыстардың ішкі саясат басқармасы жетекшілері, Ұлттық университет жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер, зерттеу институттары мен БАҚ қатысты», - делінген хабарламада.

«Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы негізгі бағыттар Қазақстанның әлемнің ең дамыған алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына ену жолында жол көрсетеді. Жолдауда Елбасы 2050 Стратегиясының күннен күнге, жылдан жылға қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартып келе жатқан нақты шаралар бағдарламасы екенін айтты», - дейді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаевтың айтуынша, түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – барлық қазақстандықтарға Мемлекет басшысы Жолдауының мазмұнымен таныстыру, стратегиялық құжатты талқылауға және оны орындауға қоғамның белсенді ат салысуын қамтамасыз ету.

«Жолдауда бүкілхалықтық қолдаудың принциптері ашық көрсетілген. Ол өзі мемлекеттік мақсатымен міндеттерін айқындайтын құжат болып табылады. Елбасы әр азаматқа Жолдауды жеткізу керек деп қадап айтты. Әр мемлекеттік ұйымның, кәсіпорынның, оқу орнының басшысы Жолдауды түсіндіру топтарын бастап, оны халыққа жеткізу жұмыстарын жүргізуі тиіс», -деп Б. Майлыбаев атап өтті.  

Кеңес отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б. Байбек, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры Е. Бабақұмаров, білім және ғылым А. Сарінжіпов, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжолова сөз сөйледі.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша, барлық қатысушыларға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды