• Басты
  • Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде – ККМ
27 Қаңтар, 2014 14:30

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде – ККМ

ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылып тұрады.

Қазақстанда  ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша жүйелі түрде  жұмыстар жүргізілуде – ККМ | Strategy2050.kz

Қазақстанда әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды қамтамасыз етуші радиотехникалық  жабдықтарын пайдалану ережелері іске қосылды. Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық авиатасымалдарға қатыстырудың жаңа Ережелері бекітілді, әуежайларды басқару жөніндегі бірыңғай оператор құрылды,  Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқыту орталығы құрылды. 

2013 жылдың қаңтарынан Техникалық ынтымақтастық бюросының (ТЫБ) сарапшыларымен Қазақстанның авиациялық билігіне қажетті кеңестік қолдау көрсетілуде. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 2009 жылы ҚР-да өткізілген ИКАО аудитінің ескертпелерін жою жөніндегі өткізіліп жатқан шаралар аясында Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР  қолданыстағы заңнамасына 80 түзету енгізілді, оның 69ұшу қауіпсіздігін арттыру сұрақтарын қамтиды.

 Одан басқа ел авиакомпанияларының барлығы ресертификаттаудан өткізілді, нәтижесінде 6 эксплуатант сертификаты және 1 авиациялық жұмыстарды өткізуге құқық беретін куәлік кері қайтарылды (ДЕТА, МЕГА, Евро-Азия Интернейшенл, САМАЛ, Семейавиа, Азия Континетал  Эйрлайнс).

 Азаматтық авиация комитеті авиациялық білімі және осы саладағы тәжірибесі бар білікті мамандармен толығымен жасақталған. Авиакомпаниялар, әуе кемелері, әуежайлар, навигация объектілері, оқу орталықтары және экипаж мүшелері мен инженерлердің біліктілігі  дәрежесінің тексерісін енді 40 кәсіби инспектор жасайды.  

 Одан басқа Министрлікпен әзірленген Қазақстан Республикасының Көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  әуежайлар инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда: Талдықорған және Тараз қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарын жаңғыртылуы, Көкшетау әуежайының реконструкциясы аяқталды. 

 Сонымен қатар 2013 жылы халықаралық әуе қатынасының саны өсті: жоспарланған 78 орнына, бүгін ҚР 79 халықаралық авиамаршрут жұмыс жасауда, соның ішінде былтыр іске қосылған 15 бар. Әуе кемелер паркін жаңартуда 2013 жылы дүниежүзілік өндірушілердің 13 ұшағы сатып алынды.

 2014 жылы Астана, Алматы және Ақтау әуежайларында мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізу жоспарлануда. 13 жаңа маршрут ашу жоспарланған, ал әуе кемелер паркі 2014 жылы 14 ұшақпен жабдықталады (4 магистралді және 10 аймақтық).

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды