• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы экологиялық сұрақтар бойынша ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізіледі – Н. Қаппаров

2014 жылы экологиялық сұрақтар бойынша ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізіледі – Н. Қаппаров

27 Қаңтар, 2014 13:10
2014 жылы экологиялық сұрақтар бойынша ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізіледі, деп ҚОСРМ кеңейтілген коллегия отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

«2014 жылы экологиялық сұрақтар бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы жетілдіретін боламыз», - деді Н. Қаппаров.

Айта кетейік, министрлік 2013 жылы экологиялық заңнаманы түзету бойынша жұмыстар жүргізген болатын.

Тиімділікті одан әрі дамыту мен жүйелендіру өткен жылғы 7 Заңда, ҚР Президентінің 7 Жарлығында, Үкіметтің 55 өкімінде, 24 бұйрығында жарық көрді. Заң жобалары бойынша  3 тұжырымдама дайындалды. 

Барлық жаңалықтар