- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы мен Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының басшылары инвестжобалардың жүзеге асуын талқылады
Ақтөбе облысы мен Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының басшылары инвестжобалардың жүзеге асуын талқылады
«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы екінші шахтаның құрылысы басталатыны туралы айтқан Александр Машкевич аймақ басшысын осы жобаға және Дөң тау-кен байыту комбинатына қатысты басқа да жұмыстарға 80 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция қаралғанын жеткізді. Бұл қуаттылығы жылына 440 тонна болатын және құны 830 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа ферроқорытпа зауытының сұранысын қамтамасыз ету үшін хром өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Осы өндіріс орнында әлемде баламасы жоқ жоғары сапалы феррохром өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар енгізілген. Зауыт алғашқы өнімді биылғы жылдың екінші тоқсанында шығаруды жоспарлап отыр екен», - делінген акиматта.
Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның жоғары сапалы феррохром шығару бойынша экспорттық әлеуеті 16 пайызға артады. Ал заманауи технологияларды пайдалану өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймайды, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтайды, экологиялық жағдайға оң әсер етеді, яғни зиянды қалдықтардың бөлінуі төмендейді.
Сонымен қатар, компанияда жылына қуаттылығы 65 мың тонна жоғары сапалы феррохром шығаруға арналған цех және қуаттылығы 50 МВт болатын электростансаның құрылысын салу туралы мәселе қаралуда.
Ал аймақтың атқарушы билік өкілдері тарапынан ENRC корпорациясының Ақтөбе облысының аумағында өндіріс жұмыстарын жүргізуі үшін жағдай туғызылмақ. Оның ішінде Жіңішке темір жол станциясының өткізу пунктін кеңінен пайдалануға мүмкіндік беру, ENRC балансына Хромтау қаласына қарасты Дөң темір жол стансасын тапсыру сияқты бірқатар келісімдер бар.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену бойынша бірқатар стратегиялық міндеттер қойып отыр. Мен ENRC корпорациясының қызметі бұдан әрі Ақтөбе облысының, жалпы Қазақстанның экономикалық мүмкіндігін нығайтуға көмектесетініне сенімдімін», - деді А.Мұхамбетов.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері