• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 30-дан астам халықаралық табиғатты қорғау конвенциясының мүшесі болып табылады – ҚОСРМ

Қазақстан 30-дан астам халықаралық табиғатты қорғау конвенциясының мүшесі болып табылады – ҚОСРМ

27 Қаңтар, 2014 12:25
Қазақстан 30-дан астам халықаралық табиғатты қорғау конвенциясының мүшесі болып табылады, деп мәлімдеді ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров министрлік қызметкерлерінің жиынында.

«Министрлік шет елдермен келісім базасын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда, соның нәтижесінде 2013 жылы үкіметаралық 6 келісім түзілді. Бүгінде «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы үлкен халықаралық қолдауға ие болып отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі таңда Қазақстан 30-дан астам халықаралық табиғатты қорғау конвенциясының мүшесі болып табылады», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 30 қыркүйегінде министрлік «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы мен «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі бойынша халықаралық конференция өткізген болатын. Оған халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қаржы институттары қатысқан. Конференция қатысушыларының Хартияға қол қоюы «Жасыл өткел» әріптістік бағдарламасын ресми таныстырған еді.

Барлық жаңалықтар