- Басты
- 2014 жылы энергия теңгерімінде ЖЭК үлесі 1% құрайды - Н. Қаппаров
2014 жылы энергия теңгерімінде ЖЭК үлесі 1% құрайды - Н. Қаппаров
«2013 жылдың 30 мамырында Елбасы Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі туралы Концепцияны бекітіп, жарлыққа қол қойды. 2013-2020 жылдарға арналған жоспар бойынша, қалдықтарды басқару және ауаны ластауды төмендету жүйесін жаңғырту, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, энергиятиімділігі мен энергияүнемдеуді және ауылшаруашылығын тұрақты ету үшін бірқатар жобаларды жүзеге асыру, жаңартылған энергия көздерін дамыту көзделген», - деді Н. Қаппаров.
Министрдің айтуынша, бүгінде жаңартылған энергия көздері бойынша бірқатар заңнамаға өзгертулер енгізілген. Атап айтатын болсақ, тарифтерді тиянақтау мақсатында мемлекеттік қолдау жүйесі толығымен жаңартылды.
Оның үстіне, ЖЭК секторын дамыту Астанада өтетін дүниежүзілік EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысында аса маңызды.
«ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға өзін «жасыл» экономиканың қозғаушы күші ретінде жариялауға мүмкіндік береді. Сондықтанда біздің министрлік көрменің дайындық жұмыстарына белсенді атсалысуда. 2013 жылдың ішінде салмақты қадамдар ойластырылып, Халықаралық көрмені өткізу бойынша арнайы Концепциясы жасақталса, ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары болатын үздік эскиз-идеяға байқау жарияланып, өткізілді. 2014 жыл үлкен құрылыс басталатын жыл. Осы ретте біздің мақсатымыз әлемдік көрменің лайықты дәрежеде өтуіне барынша жағдай жасау», - деп Н. Қаппаров өз ойын түйді.
-
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады
-
COVID-19: Әлемдегі вакциналау науқаны, Токио Олимпиадасы және карантин шаралары
-
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды
-
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы
-
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы
-
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет
-
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
Су тасқынын алдын алу шаралары жүргізілуде
-
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері
-
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр

