- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның даму банкі бизнесті коммерциялық банк арқылы қаржыландырады
Қазақстанның даму банкі бизнесті коммерциялық банк арқылы қаржыландырады
« «Қазақстанның даму банкі» АҚ «Қазкоммерцбанк» АҚ мен банкқа қарыз беру туралы келісімшартқа отырды. Келісім бойынша ҚДБ Казкоммерцбанкке жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін 2 млрд. теңгені несиеге берді. Құжатқа ҚДМ Басқармасы төрағасының орынбасары Дәулетхан Қилыбаев және Казкоммерцбанктың басқарушы директоры Әділ Батырбеков қол қойды. Уағдаластыққа байланысты, қомақты қаржы нақты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін және негізгі капиталды үлкейту үшін берілетін болады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама туралы 2013 жылдың желтоқсан айында алғаш хабарланған болатын. Бағдарламаның мақсаты ЕДБ қаржыландыру арқылы бизнеске қажетті арзан қаражатты ұзақ және қысқа мерзімге беру. ҚДМ өзінің мәртебесіне орай, елдегі банктермен салыстырғанда жоғары рейтингке ие. Сондай-ақ, ол, тиімді шарттармен сырттан және ішкі сектордан қаржы тарта алады. ҚДБ комерциялық банктерге жылдық 7,9% пайыздық үстемақымен несиеге қаржы береді. Ал, банктер өз кезегінде бизнес субъектілерін несиелендіреді. Айта кетерлік жайт, ҚДБ комерциялық банктерге бизнес үшін қаржыны жылдық 11,5% пайыздық үстемақымен (несиелендіру бойынша орташа нарықтық үстемақы - 13% құрайды) бересіздер деп шарт қойған.
Бірінші кезеңде банк 45 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қарыз көлемі 500 млн-нан 4,5 млрд теңгеге дейін. ҚДБ, бірінші кезекті, 4,5 млрд теңгеден басталатын ірі индустриялды және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
ЕДБ бөлімшелік желілері дамуын ескере отырып бағдарлама барынша көп жеке кәсіпкерлік субъектілерін қамтуға мүмкіндік бермек. Коммерциялық банктер ҚДБ-дан алған қаражаттың несиелік қорына бағытталады. Олар маңызды әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар экономиканың басым бағыттарындағы секторлардағы жобаларға бөлінеді. Осылайша жаңа жұмыс орындары ашылып, шикізаттың өндірістегі өнім көлемін арттырып, отандық кәсіпкерліктің экспорттың әлеуетін арттырады.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты