- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан өз алдына қойған мақсаттарына жету жетістігін әлемдік бірлестікке тұңғыш рет дәлелдеп отырған жоқ – И. Клещук (Беларусь)
Қазақстан өз алдына қойған мақсаттарына жету жетістігін әлемдік бірлестікке тұңғыш рет дәлелдеп отырған жоқ – И. Клещук (Беларусь)
« ҚР Президентінің кезекті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы меніңше, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – 30 дамыған елдің қатарына ену мақсатына бағыттау. Ол келер жылға қойылған арнайы, нақты бағдарламалар тізбегін көрсетеді», - деді И. Клещук.
Беларусьтік депутаттың пікірінше, керекті көрсеткішке жетудің негізі – ғылымды көп қажет ететін экономиканы құру.
«Осы жолғы Жолдауда дәстүрлі салалардың дамуына көп көңіл бөлінген: агроөндірістік кешен, шағын және орта бизнестің дамуы, Жалпыға бірдей еңбек қоғамы негізінде жақын арадағы кешенді жоспарлар, Астана мен Алматы қалаларында агломерацияның қабылдануы, атом электростанциясы мен мұнай өңдеу зауытының құрылысы», - деді И. Клещук.
Сонымен қатар, Жолдауда әлеуметтік блоктың нығайтылуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың әлеуетін арттыратын болады, дейді И. Клещук.
«Қазақстан кезекті рет Жолдауда айтылған міндеттемелер мен тапсырмаларға өзінің еңбегімен және халық даналығымен жете алатынын әлемдік қауымдастықтарға дәлелдеп отыр. Менің ойымша, халықтың әлеуетін арттыра отырып қана Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі болып табылатын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына жете аламыз», - дейді И. Клещук.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары