- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 153 км су құбыры жаңатылады және жаңадан төселеді
СҚО-да 153 км су құбыры жаңатылады және жаңадан төселеді
Таяуда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиналыста «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалу барысы мен міндеттері талқыланды. Бүгінде солтүстікқазақстандықтардың 83% тіршілік көзін орталықтандырылған желіден тұтынады. Биыл бұл көрсеткішті жақсарту үшін «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Аймақ басшысы маңызды жұмысты уақтылы әрі сапалы орындауды жүктеді.
«Бағдарлама аясындағы бар жоспар толық тындырылып, республикадан облысқа бөлінген қаржы 100 пайыз игерілуі тиіс. Аудан басшылары құрылыс басқармасымен етене жұмыс жасап, топтық желілерге қарастырылған 10 млрд. теңгені тиісінше пайдаланып қалуы керек», — деді облыс әкімі.
Отырыста сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі ретінде өңірде жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту жайы да сөз болды. Қазіргі таңда облыста жолдардың сапасы сын көтермейді. Бұл мәселе әсіресе ауылдық жерлерде тым өзекті. Өйткені облыс жолдарының жартысынан астамы аудандарда орналасқан. Сондықтан биыл ауыл жолдарын жақсартуға басымдық берілмек.
Жалпы биыл жолдарды қалпына келтіру жұмыстарына 3 млрд. теңгеден артық қаржы қарастырылған. Самат Ескендіров халық шоғыры көп, көлік жиі қатынайтын жолдарға бірінші кезекте көңіл бөлу керектігін алға тартты.
«Бар күшті жолдарды жөндеуге салу керек. Аудан әкімдері автомобиль жолдары басқармасымен тығыз қатынас жасасын. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланып қалуға тырысқан жөн. Әр метрді қалпына келтіру жұмыстары аудан жетекшілерінің жіті бақылауында болсын», — деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ жиында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулерін өткізу қорытындысы шығарылды. Жиындарға 100 мыңнан артық жерлесіміз қатысыпты. Тұрғындардың тарапынан 2 мыңға тарта ұсыныс түскен. Өңір жетекшісі бірде-бір сауалдың назардан тыс қалмауын тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау