- Басты
- Жаңалықтар
- Президент міндеттеген кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілерді жою бизнестің шарықтауына үлесін қосады- Н. Әлтаев
Президент міндеттеген кәсіпкерліктің дамуындағы кедергілерді жою бизнестің шарықтауына үлесін қосады- Н. Әлтаев
«Елбасы сонымен қатар «шағын және орта бизнестің жаңа инновациялық кәсіпорындардың айналасында дамитын болады. Ол индустрияландырудың екінші бесжылдығы «Кәсіпкерлік-2020» жол картасымен байланыстырады» деген ойлары маған керемет әсер қалдырды. Өйткені, бүгінгі таңда облысымызда инновациялық өнімдер шығаратын ондаған кәсіпорындар жұмыс істеуде. Алайда, олар шикізатты немесе бөлшек заттарды көбінесе сырттан тасымалдайды. Тіпті, шет елден қымбат бағаға әкелетінін жасырмаймыз»,-деді ол.
Сондай-ақ, ол егер де осындай ірі өндіріс орындарының айналасынан өздеріне қажетті бұйымдар шығаратын шағын кәсіпкерлік субьектілерін ашсақ бәрі де жақсы болар еді деді.
Кәсіпкерлер палатасының директорының айтуынша, біріншіден, Қазақстанда шығарылып жатқан өнім 100 пайыз отандық тауар атанады.Екіншіден, индустрияландырудың шынай көзделген мақсаты орындалып, ел көл-көсір табысқа көнеледі. Үшіншіден, жұмыссыздық азайып, адамдар өзін, отбасын асырап қана қоймай, армандаған жақсы өмірге қол жеткізеді.
«Жоғарыда айтып өткенімдей, әрбір Жолдау елді үкілі үмітпен алға жетелеп, асудан асуға өтуге жігер, табандылық сыйлайды. Жолдауда айтылған Елбасының тапсырмаларын орындаудың арқасында бүгініміз кешегідей жақсарып, ертеңіміз күн сәулесіндей елестейді. Мәселен, облысымыздың тек шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша жеткен жетістігін алсақ, көп нәрсеге қанық боламыз. Өңірімізде табыс тауып, Отынымыздың гүлденуіне үлес қосып жатқан іскер азаматтар саны 125 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл республика бойынша жең жоғарғы көрсеткіш. Соңғы мәліметке сүйенсек, Оңтүстіктің кәсіпкерлері бүгінге дейін 534,1 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Сонымен бірге 279,6 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр», - деді Н. Әлтаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады