- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемқызметкерлердің жеке құзыретін бағалау бойынша мастер-класс өтеді
Астанада мемқызметкерлердің жеке құзыретін бағалау бойынша мастер-класс өтеді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан –2050» Стратегиясы: мемлекеттік қызмет саласында кадрлар даярлауды жетілдіру және ғылыми зерттеулерді дамыту» бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.
Конференцияның пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Байменов А.М., Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі Дәуешов М.Е., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Абдрасилов Б.С. сөз сөйледі.
Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына жоғары оқу, ғылыми-білім мекемелерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Ғылыми-практикалық конференция аясында 3 секция бойынша жұмыс ұйымдастырылуда, конференция шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасын көтеру, мемлекеттік басқаруды жаңғырту және мемлекеттік аппараттың кадрлар әлеуетін нығайту бөлігінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясын ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеудің өзекті мәселелері талқыланады. Сондай-ақ бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушы дарынды жастарды кейіннен мемлекеттік басқару органдарына жұмысқа тарту үшін айқындау мен іріктеу мәселелері қарастыруда.
Конференция аясында, мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау және «А» корпусының қалыптастыру бойынша мастер-кластар өткізіледі. Конференция қатысушылары Академияның тұлғалық құзыретін айқындау және психометрия бойынша моделімен танысатын болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек