- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазЖолҒЗИ»-да жол құрылысының соңғы инновациялары таныстырылды
«ҚазЖолҒЗИ»-да жол құрылысының соңғы инновациялары таныстырылды
Конференцияда соңғы жаңа технологияларды автожол құрылысына енгізу мәселелерін талқылады. Мысалы, қатысушылар назарына энергия шығындарын 20-25% төмендететін жылы асфальтті бетонды, ц/б жабындылары үшін ілінісу сапасын арттыратын «Микросюрфейсинг» типті қабат, күрделі жөндеу құнын азайту үшін салқын ресайклдеу технологияларымен, сонымен бірге құрылыс және жөндеу сапасын арттыратын жаңа материалдармен таныстырды.
Одан басқа қатысушыларға жолдың дефектілері туралы мәліметтерді жинақтап, жолдың жалпы жай-күйін талдап отыратын автомобиль жолдарының сапасы мен күтіп-ұсталу жағдайын бақылауда ұстайтын көпфункционалды мәшинесінің (MFV) таныстырылымы болды. Лаборатория жол конструкциясының жай-күйі жайында тереңірек дәл деректер алумен қатар қандай жөндеу жұмыстарын жүргізген жөн екендігі туралы ұсыныстар шығара алады. MFV-ті жол құрылысы барысында да пайдалануға болады, өйткені зерттеу кезіндегі ақпарат көбіне жобалау барысындағы қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Әбләлиев атап өткендей «Бұл кешен пайдалануға келгенде мейлінше қарапайым. Егерде, мысал үшін, жолдың жеткізуші мүмкіндігін анықтау керек болса, оған қосымша құрылғы тіркеледі де кешен белгіленген тұста тоқтатылып, кнопка арқылы асфальтқа жүкті тастай салады, оны көтереді де жолдың серпінділігі жөнінде сол мезетте ақпарат береді. Әрине, бұл тәсіл бұған дейінгі қаншама уақыт пен күш жұмсалатын күрек пен сүймен пайдалану арқылы жүргізілетін зерттеулермен салыстыруға да келмейді».
Өлшеулер нәтижесі автоматты түрде тіркеледі, сондықтан оларды бұрмалау мүлде мүмкін еместігін атап өтті ол.
Мұның сыртында үш «Облжоллаборатория» өткен жылдың шілде айында арнайы датчиктер және лазерлермен жарақталған жылжымалы жол лабораторияларымен жабдықталған болатын. Мәшиненің қозғалысы барысында бейнетүсірілім жасалады да жол төсемінің сипаттамалары анықталады, айталық, жолдың тегістігі мен оның еңістігі талаптарға сәйкестігі анықталады. Келесі жылы осындай лаборатория саны 11-ге жеткізіледі. 2015 жылы осындай мәшинелер әрбір өңірде жұмыс жасайтын болады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы