• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесу өткізді

24 Қаңтар, 2014 14:36
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесу өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 «Келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келісімдер үдерісінің қазіргі жай-күйі қаралды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы еліміздің ДСҰ-ға кіруі басты сыртқы экономикалық басымдығымыздың бірі болып саналатынын атап өтті.

Р.Азеведоның пікірінше, негізгі мәселелер – ДСҰ-ға мүше елдермен келісу, Кеден одағына қатысуына байланысты Қазақстан мен Ресейдің импорттық кедендік баж салығы жөніндегі міндеттемелерін үйлестіру.

 Р.Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевты ДСҰ Хатшылығы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсететініне сендірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар