• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Сенаторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енген түзетулерді мақұлдады

ҚР Сенаторлары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енген түзетулерді мақұлдады

24 Қаңтар, 2014 09:20
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасы тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданды, деп Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру мақсатында Парламент депутаттарының бастамасы бойынша әзірленген болатын», - делінген хабарламада.

 Сондай-ақ,  құжат ана мен балаға қарсы тәртіп бұзушылыққа, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін жазаны күшейтуге бағытталған.

Бұл ретте заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік жәрдемдесу және көмек берудің құқықтық тетіктері қарастырылады, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ережелерін нақтылау арқылы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі үзіліссіз және білікті қызмет көрсету үшін оңтайлы жағдай жасалады, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жазалар қатайтылатын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар