- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР Бас Прокуроры мен АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес агенттігінің аймақтық басқармасы жетекшісінің кездесуі өтті
Астанада ҚР Бас Прокуроры мен АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес агенттігінің аймақтық басқармасы жетекшісінің кездесуі өтті
«Кездесуге қатысушылар екіжақты кең спекторлы мәселелер бойынша, ең алдымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты пікір алмасты», - делінген хабарламада.
А.Дауылбаев мемлекеттің геосаясаттық жағдайын ескере отырып, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
Ол осы саладағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, есірткі қылмысына қарсы шекаралас мемлекеттердің құзырлы органдарымен өзара ықпалдастық туралы хабардар етті. Осыған орай, ол АҚШ-тың осы саладағы тәжірибесін зерделеуге, жедел ақпараттармен алмасуға, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Сондай-ақ, тараптар трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысына қарсы күресте күштерді біріктірудің, есірткіні жеткізу және тасымалдау бағыттарын анықтаудағы Агенттіктің мүмкіндіктерін пайдаланудың, осындай қылмыстарды тергеудің алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін үйренудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында қаржы ағымдарын бақылау тетіктеріне, одан әрі әртүрлі экстремистік және террористік ұйымдарды қаржыландыруға бағытталатын есірткіні өткізуден заңсыз алынған пайданы анықтауға ерекше мән берілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары