- Басты
- Жолдау–2019: Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы қалай жүзеге асады
Жолдау–2019: Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы қалай жүзеге асады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, облыс әкімдеріне ел экономикасын дамытуға атсалысу үшін бірқатар міндеттер жүктеп, тапсырмалар берген еді. Осыған орай әр өңірдегі облыс активтері Жолдаудағы бағыт бойынша жұмысқа кірісіп кетті.
«Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелерге байланысты бірнеше бағытта тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта Қызылорда облысында ауқымды жұмыстар атқарылады. Алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттерге әлеуметтік саланы кеңінен қамту кіреді. Бұл Жолдауды ел ерекше ықыласпен қабылдап жатыр. Әрбір отандасымыздың әл-ауқатын жақсарту мен елімізді әлемдік көшбасшы мемлекеттер қатарына қосу - Қасым-Жомарт Кемелұлының басты назарындағы мәселе. Оған тағы да бір көзіміз жетті. Әлемдегі саяси, экономикалық ахуал сәт сайын құбылып, геосаяси жағдайдың жылдам өзгерістерге ұшырап жатқанда Президенттің тапсырмалары мен бастамаларын бұлжытпай орындау кеезінде облысымыздың ынтымақтастығы мен сын сағатта сыр бермейтін игі қасиетін көрсете білуге тиіспіз. Басты мақсат – әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту арқылы тұрақтылық пен татулықты нығайтуға үлес қосу», - деді Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Индустриаландырудың төртінші бағдарламасының концепциясына сәкес Президент Қ.Тоқаев 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болатынын мәлімдеген.
«Осы тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруді айтты. Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында құны 150 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылды. Соның нәтижесінде қызылордалықтар үшін 1,6 мың жұмыс орны ашылды. Ал өңдеуші өнеркәсіптің өнеркәсіп өніміндегі үлесі 2010 жылы 4,3 пайыздан 2018 жылы 12,6 пайызға жетті. Сегіз жыл ішінде аталмыш көрсеткіш 3 есеге артқанын көрсетті. Шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы 3 жылда 3 есеге көбейді. Сонымен қатар 28 жобаның 7-еуі екінші бесжылдық аясында іске қосылды. Осы 2019 жылдың соңына дейін тағы 4 жоба іске қосылады», - деді Қызылорда облысының әкімі.
Президенттің жергілікті әкімдіктерге – шетелден тікелей инвестиция тарту міндетін қойған еді. Аталмыш мақсатты орындау үшін Сыр елінде 2016 жылдан бастап инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес жұмыс істейтін көрінеді.
«Осы орайда, облыста инвестиция тартуды жетілдіру жөнінде іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып, 2016 жылдан бастап инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда әлеуметтік жаңғыруға ерекше маңызды мәселе тұрғысынан тоқталды. Білім саласы бойынша, мамандар даярлау жүйесінің нақты еңбек нарығынан тыс қалып, еңбек ресурстарының балансын есепке алмаудың тиімді әдістемесі қалыптаспағанын атады. Ендігі жерде оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беруді міндеттеді», - деді өңір басшысы.
Өңірдегі университеттер мен колледждере жаңа мамандықтар оқытыла бастайды.
«Соңғы үш жылда Қызылорда облысының түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түседі. Облысымыздың экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы аймақтың мамандарға деген сұранысы негізінде қалыптастырылды. Соның нәтижесінде 2019-2020 оқу жылында 22 жаңа мамандық оқытыла бастайды. Еңбек ресурстары балансына орай колледждерде «жаңа мамандықтар атласын» зерделей отырып, Қызылорда облысына қажетті жаңа мамандықтарды ашуды және бітірушілерді тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізуді жандандыратын боламыз»,-деді әкім.
2020 жыл – еріктілер жылы болғандықтан ҚР Президенті Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жастарды белсенді еріктілік жұмысқа тартуды айтты. Облыс әкімдігі президенттің еріктілік қызметке студенттерді тартуда тек кредиттер мен оқудағы жеңілдіктер үшін емес, өздерінің жүрек қалауымен, шынайы ниетімен келуі тиістігін ескертуіне орай шаралар кешенін жүзеге асырмақ.
«Ата-бабамыздан келе жатқан, «Асар», «Жылу жинау», «Кеусен беру» салтымыз жандандырып, заманауиландырсақ, қазіргі еріктілік қызметке матриеалдық емес, моралдық реңк бере алады. Негізінде еріктілік – қоғамымыздағы ерекше құрмет тұтатын міндетке айналуы керек. Өтемақы мен материалдық қажеттілікті жасаған жақсылықтары үшін талап етпейтін «еріктілер» қызметін жоғары бағалауға тиіспіз», - деді Қуанышбек Ысқақов.
Қызылорда облысының әкімі Жолдауда жүктелеген міндеттерді жүзеге асыруды тиісті сала басшыларына тапсырды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше әкімдіктің активі отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ұлан Сарқұлов, жергілікті мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де болды.
Айдана Абдрахманова
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді

