• Басты
  • Жер ешкімге берілмейді - Қ.Тоқаев
6 Қыркүйек, 2019 11:33

Жер ешкімге берілмейді - Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Іс-шарада жұртшылық пен азаматтық қоғамның пікірі ескерілген стратегиялық саясаттың негізгі мәселелері талқыланды.

Жер ешкімге берілмейді - Қ.Тоқаев | Strategy2050.kz

Президент Қасым- Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық кеңес отырысында  қоғамдық отырыс  кезінде өзекті мәселелер талқыланатынын айтты.

"Кез келген бастама қоғамда ашық талқыланып, қолдауға ие болуы тиіс. Сонлдықтан да Қазақстан халқы Жолдауына  сүйеніп, қоғамдық маңызды мәселелерді шешу қажет. Жолдауды жүзеге асыру бойынша Ұлттық кеңесте жұмыс істеуіміз керек. Ұлттық кеңесте әртүрлі әлеуметтік топтар жинастырылған. Қоғамдық диалогты институционалдау  мәселесі бойынша жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Бүгін жаңа форматта осылай кездесіп отырғанымызлдың өзі оң істерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әр азаматтың пікірі біз үшін маңызды. Отандастырымыз ел болашағына бей-жай қарамайтын болады. Қоғам белгілі бір сұрақтарды шешуде белсенді бола бастады. Бұл біздің тәуелсіздігіміз нығайып жатқанын айқындап, патриоттылық құндылыңғы артып отырғанын көрсетеді. Ұлттық кеңестің әр мүшесі өзіндік пікірге ие", - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы  еліміздегі болып жатқан өзгерістерге құбылмалы әлемнің ықпалы да тиіп жатқанын атап өтті.

"Саяси реформаларды жүзеге асыруда алға асығушылық болмау керек. Оларды ойластырып және кезеңдеп жүзеге асыру керек. Біз заманнан қалмай ілгерілеуіміз кереек, реформалар реформалар үшін емес, қажеттіліктер бойынша жүргізілуі керек. Қандай реформалар  жүргізу қажеттігін осы жерде шешуіміз керек. Сәйкесінше, біз келісілген шешімдерді қабылдауымыз керек", - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент жастардың дүниеге деген көзқарасы да жедел өзгеріп келе жатқанын айтты.

"Жастар көптеген технологиялар мен  өзгерістерге өз орнын табуға талпынып отыр. Әрине, әлем өзінде жастар әртүрлі. Қазақстандық жастар біреуі ғылым, біреуі әлеуметтік қызметкер, біреуі әлеуметтік жұмысты ұнатса, кей бөлігі түнгі клубтардан көз ашпай, ешқайда  бармайтын жастар да бар. Мен осы елдің Президенті ретінде белсенді әрі мақсаты нық жастарға өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беруге, бизнеспен айналысуға, оқуға түсуге гранттар бөліп, аз қамтылған жанұялардың балалары мен дарынды балаларға іздестіріп, жас басқарушылар корапусын дайындап, оларға болашақта билік беретін боламыз.Мемлекет пен қоғам арасында өзара іс-қимылдың қағидаттары мен алгоритмі өзгеріп келе жатыр. Осы жағдайда мемлекетіміз үшін біртұтас қағидаты өте маңызды екенін атап өту керек. Ұлттық  консенсус қоғам мен билік үшін мызғымайтын құндылықтарға негізделген", - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев билік пен қоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті қорғау үшін қызмет ететінін айтты.  

"Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады деген немесе көрші елдің зауыттарын салуға шетелдік жұмыскерлер тартылады деген қауесет әңгімелер тарап жатыр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Бұл әңгімелер халықтың патриоттық көңіл-күйін басқаруға бағытталған. Олар эмоционалды адамдарды пайдаланып, өздерінің мақсаттарын жүзеге асырмақшы. Ол да бір геосаясаттың бір тетігі болып табылады. Елдің бірлігі мен тұрақтылыққа кедергі келтірудің бір жолы болып табылады. Біз жақсы пікірлерді ұстануымыз керек", - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев жер ешкімге берілмейтінін шегелеп айтты.

"Тағы да шегелеп айтамын. Халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашан да ескереміз. Шетелдік инвестициялар тек жеке салаларға ғана тартылады. Жалпы, шетелдік инвестицияларсыз дамушы мемлекеттер өмір сүре алмайды. Жапония, Малайзия, Оңтүстік Корея сынды елдер инвестициялардың арқасында жетістікке қол жеткізді. Шетелдік инвестициялар дамуға кепіл болады", - деді ол.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев Қазақстан ашық мемлекет болып қалатынын айтты.

"Біз әрдайым күрделі мәселелерді пәтуаластықпен шешкенбіз. Біз азаматтарымыз бен адалдығы мен отаншылдығына нық сенеміз. Ұлттық бірліктің тағы бір тірегі – демократиялық модельге бейімділік.

Ұлттық кеңес мүшесі Рахым Ошақбаев ескі проблемаларды шешу бойынша жаңа шешімдерді ұсыну қалғанын атап өтті.

"Біз Жолдауды жүзеге асыруға белсенді қатысамыз. Біз қосымша зейнетақы жинақтарын енгізуді алып тастауды  қолдаймыз. Бұл БЖЗҚ-ның толық емес тиімділігі. Бізде үш деңгей, яғни  92 пайыз бюджеттен келеді. Міндетті зейнетақы жинақы 0,9 пайызды құрайды. Мені бұл сан таң қалдырады. Салымшылардың сенімі төмен екенін көрсетеді", - деді ол.

Өз кезегінде Мұхтар Тайжан экономикалық топ өз үлесін қосуға әзір екенін атады.

"Сіз өз Жолдауыңызда квазисекторды қысқартуымыз қажет. Сол кезде ШОБ-та әлеует пайда болады. Ұлттық кеңес пен азаматтық белсенділер бұл мәселені реттейді деп ойлаймыз. Экономика дамуы үшін сот жүйесі кәсіби деңгейде болуы керек", - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды