• Басты
  • Қазақстандағы инвестициялық ахуал қандай
5 Қыркүйек, 2019 16:47

Қазақстандағы инвестициялық ахуал қандай

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанға тартылған инвестициялардың басым бөлігі, яғни 50 пайыздан астамы Еуроодақ елдеріне тиесілі. Атап айтар болсақ: Швейцария – 25,8 миллиард, Франция – 16,1 миллиард, Италия – 8,7 миллиард, Нидерланды – 90,4 миллиард, Бельгия – 7,6 миллиард, Германия – 5,2 миллиард. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қазақстанның инвестициялық саясаттың жүзеге асырылу барысы және соңғы кездері әлеуметтік желіде түсінісбеушіліктен туған ҚХР мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстары туралы ақпараттарға түсініктеме берді.

Қазақстандағы инвестициялық ахуал қандай | Strategy2050.kz

Вице-Премьер Жеңіс Қасымбектің сөзінше тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізге құйылған инвестициялардың шамамен 5%-ға жуығы  ҚХР мен Ұлыбританияға тиесілі.

«Президент Жолдауында негізгі басымдықтардың қатарына шикізаттық емес секторға шетелдік инвестицияларды тарту міндеті тұр.  Қазақстанға осы уақытқа дейін әлемнің 120-дан астам елінен 330 миллиард долларға жуық шетелдік инвестиция құйылды. Олардың басым бөлігі, яғни  50%-дан астамы – Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі.  Мәселен, Швейцариядан – 25,8 миллиард, Франция – 16,1 миллиард, Италия – 8,7 миллиард, Нидерланды – 90,4 миллиард, Бельгия – 7,6 миллиард, Германиядан – 5,2 миллиард доллар инвестиция құйылды. Ал Америка Құрама Штаттарынан тікелей шетелдік инвестициялардың 15% яғни 48,4 миллиард доллар түседі. Сондай-ақ жалпы инвестициялардың 5%-ы Ұлыбритания мен ҚХР мемлекеттеріне тиесілі. Бұл көрсеткіш соңғы он жылдан бері сақталып қалды», — деді Жеңіс Қасымбек.

Вице-премьердің сөзінше, 2019 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысумен 19 мың заңды тұлға және бөлімшелер еңбек етеді. Кәсіпорындардың 35,3%-ы ресейлік, 9,5% – түрік, 5,7% – өзбек, 5,6% – қытай, 3,1% – неміс капиталына сүйенген.  

«Соңғы он жылда шетелдік инвестициялар бойынша қазақстандық өкілетті органдарға 650-ге жуық жоба түссе, оның 185-ін Еуропалық одақ елдерінің инвесторлары ұсынған. Ресей Федерациясы – 111, Түркия – 80 және ҚХР – 55 жоба. Жобалардың іске асу басымдығына – ҚР азаматтары үшін барынша көп жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін жоғары технологиялы жобаларға бердік. Аталмыш кезеңде 16,2 млрд доллар сомасына 235 жоба іске асырылды. Жүзеге асқан  133 жоба – Еуропалық Одақ пен РФ елдерінен. Саяси тұрақсыздық және санкциялық қарсылық жағдайында инвесторлар инвестициялық ахуалы тұрақты елдерді таңдайтындықтан кез-келген мемлекет инвестициялық рейтингін көтеруге тырысады», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек.

2010 жылдан бері ҚХР жүзеге асырған жобалардың жалпы саны – 15. Бұл осы кезеңдегі жобалардың 6%-ы.

«Ал индустрияландыру және инвестициялар саласында қазақ-қытай бірлескен жобалардың жалпы сомасы 27,6 млрд доллар. Саны жағынан бұл –55 жоба. 2015 жылдан қазірге дейін 3,9 млрд долларға 15 жоба іске қосылды. Атап айтқанда, машина жасау, химия өнеркәсібі, энергетика, баламалы энергетика және агроөнеркәсіптік кешен салаларында экономиканың жоғары технологиялы салаларында іске асырылады. Жалпы 3828 қазақстандық жұмыс орны ашылып, олардың барлығы еліміздің әртүрлі аймақтарында экспортқа бағдарланған заманауи технологияларды қолданады. Бұл жобалар отандастарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашады», - деді ол.

Вице-Премьердің айтуынша, Қытаймен бірлескен жобаларды іске асыру аясында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылан болса, оның 95%-ында қазақстандықтар жұмыс істейді. 5% - түрлі елдерден келген мамандар. Басым бөлігі Канада, Қытай елдерінен келген азаматтар.  Ұсынылған инвестициялық жобалар бойынша басымдық ҚР азаматтарына барынша көп жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жобаларға берілетін болады. Алдағы 5-6  жылда қазақстандық-қытайлық тарап бірігіп іске асыратын жобалар – жаңа жобалар. 

«Қазақстан аумағына көшірілетін «таза емес, ескі жобалар» деген сипатта әңгімелер айтылып жүр. Дегемен бұл зауыттардың барлығы – жаңа жобалар. Ешқандай ескі зауыт немесе Қазақстан аумағына көшірілетін зауыт жоқ екенін ресми түрде мәлімдеймін. Мәселен,  жуырда ғана Қапшағай маңында баламалы энергетика электр станциясы ашылды. Сонда жұмыс істеп жатқан 30 адамның барлығы — Қазақстандықтар. Баламалы энергетика – аса жаңа жоба екенін тағы да ескертейін. Болашақта біртіндеп баламалы энергетикаға көшеміз. Елімізде жыл соңына дейін жел мен күн энергиясы есебінен 1000 мегаватт қуат өндірілетін әлемдік беталыстан біз бас тарта алмаймыз. Бұл туралы ақпараттың бәрі  ҚР Индустриялы-инновациялық даму министрлігінің сайтында тұр. Мұнда ешқандай құпия жоқ», — деп түсіндірді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Ж. Қасымбектің мәлімдеуінше, бүгінде 15 Қазақстан – Қытай жобасы іске асырылған, жыл соңына дейін тағы 5 жоба жүзеге асырылмақ. 

«Аталған жобалардың елімізде қолға алынғанына бірінші жыл болып тұрған жоқ. Бүгінде 15 жоба іске асырылған. Жиырмаға жуық жоба белсенді іске асырылу сатысында тұр. Соңғы жылдары қытайлық инвестициялар үлесі бір деңгейде сақталып тұр – 5-6%. Еш өзгеріс болмады. Жобалар машина жасау, өнеркәсіп, көлік, агроөнеркәсіп кешені, энергетика салаларында іске асырылып жатқан жобалар экологиялық талаптарға сай келеді. Оған сай келмесе бір де бір зауыт Қазақстанда салынбайды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықтың Қазақстан-Қытай бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрумен бірге, шетелдік нарықтарға экспорттауға бағдарланған, қосылған құны жоғары отандық сапалы өнімді шығаруға қабілетті бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар құрылады.

 

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды