• Басты
  • Қарағанды облысы Президент Жолдауын іске асыруға кірісіп кетті
5 Қыркүйек, 2019 11:24

Қарағанды облысы Президент Жолдауын іске асыруға кірісіп кетті

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әкімдік аппаратымен бірге Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру жоспарын құрып, іске асыруға кірісіп кетті.

Қарағанды облысы Президент Жолдауын іске асыруға кірісіп кетті | Strategy2050.kz

Облыс әкімі Ерлан Қошанов өз сөзінде алдағы қызметтің барлық бағыттарына тоқталды.  

«Басты назарымыз – мемлекеттік қызметкерлердің халықпен жедел байланысына көңіл бөлу. Осы мақсатта осы жылы – Қарағандыда бірыңғай үйлестіру орталығын іске қосатын боламыз. Оған келіп түскен барлық өтініштер талданып, орындалуы қадағаланады. Open akimat бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейтін орталық модулінің бірі болады. Осы арқылы халықтың сұраныстарына жедел ден қоюға мүмкіндік аламыз. Бастамамызды мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестер қолдайтынына сенемін. Дегенмен жұмысымыздың басты басымдығы адамдармен көзбе-көз кездесулер болуы тиіс. Яғни, еңбек ұжымдарын, ауылдарды, аулаларды аралау», – деді Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ әкім мырза  цифрлық технологиялар арқылы қауіпсіздік деңгейін арттырмақ.

«Қарағанды облысында бес мыңға жуық сыртқы бақылау камерасы, 27 жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу жүйесі бар. Ал тұрғын үйлердің кіреберістері үшін «бұлтты бейнебақылау» жобасы енгізілетін болады. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарымен тұрғындардың қарым-қатынасы ыңғайлы болуы үшін полиция бөлімшелерінде фронт-кеңселер ашылды. Инвестиция тарту жөніндегі жоспар бойынша жақын арада жобалар пулы 2 трлн теңгеге дейін өседі. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,5 триллион теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға келісім-шарттарға қол қойылды», – деді Қарағанды облысының әкімі.

Әкімнің сөзінше, енді кезекте инклюзивті білім беруді дамыту жөнінде бірқатар шаралар кезекте тұр. Осы бойынша тиісті мамандарға іс-шаралар кешені жүктеледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тағы екі оңалту орталығы, 6 инклюзивті қолдау кабинеті мен түзету кабинеті жұмыс істейтін болады.

«2019 жылы жылы жалпыға міндетті білім беру қорына көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету мақсатында  бюджеттен 1,4 млрд.теңге бөлініп, ол сома алдағы уақытта тағы да ұлғаятын болады», - деді облыс әкімі.

Тоқаев Жолдауындағы тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру масқатында өткізілген дөңгелек үстелде «Менің үйім» дағдарыс орталығының негізін қалаушы Светлана Гаркуша педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны күшейту туралы шараларға пікір білдірді.

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер және балалармен жұмыс істеу тәжірибем болғандықтан осыған қатысты іс-шаралар кешенін қабылдауға ниет білдіру менің көңілімнен шықты. Орталығымыз күрделі жағдайда қалған адамдарға кешенді қолдау көрсетіп келеді. Сонда байқағаным, адам зорлаушылар көбіне өз қылмыстарына өкінбейді, осы сипаттағы қылмыс жасау жолында жақындары мен туған-туыстарын аяп жатқандарын байқамадым», - деді «Менің үйім» дағдарыс орталығының негізін қалаушы Светлана Гаркуша.

Облыс активінің отырысында 2019 жылдың соңында жергілікті халық біртіндеп газпен жылыту жүйесіне ауысатыны айтылды.

 «Жақын күндері «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының пайдасын Қарағанды облысының тұрғындары көретін болады. Бұл жұмыстар Елбасының 5-ші бастамасын жүзеге асыру мақсатында қол жеткізілді. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында газ тарату жүйелерінің құрылыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша 2019 жылдың соңына қарай облысымыздағы тұрғын үй массивтері газға қосылады. Ал Жаңаарқа, Шет, Бұқар жырау, Осакаров аудандарында, сондай-ақ Шахтинск және Жәйремде автоматты газ тарату стансаларының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Менің тарапымнан жұмыс жоспарын ұстану және жиналған қарқынды төмендетпеу тапсырылды», - деді облыс әкімі.


Оның айтуынша, Сарыарқа» газ құбырының құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған.

Естеріңізге сала кетсек, елімізді газдандыруды Елбасы өзінің 5-ші бастамасында тапсырған еді.

Қарағанды облысы әкімдігі мен облыс белсенділері қатысқан жиында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті, туризмді, ауыл шаруашылығын және облыстағы еріктілер қозғалысын дамыту мәселелері де қаралды.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды