- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдауда қуатты әдіснамалық мәлімдемелер бар – сарапшылар
Жолдауда қуатты әдіснамалық мәлімдемелер бар – сарапшылар
Еуразиялық интеграция институтының директоры Д.Ж.Жандильдин ел Президенті Қ.Тоқаев Жолдауы еліміздің жаңа саяси маусымды ашып, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне бет бұрғандығын айқындайтынын атап өтті.
Тарихшы-ғалым Базаров Дәурен Ермекұлы Президент Жолдауындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік, идеялогиялық бағыттарды қарастырды.
«Тоқаев еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік, идеялогиялық бағыттарын белгілеп берді. Жолдада аталмыш бағыттар бойынша біздегі барлық мәселелер қамтылды. Естеріңізде болса тәуелсіздік алған жылдары көбіне тіл, дін, ұлт болып қалу мәселелері талқыланса, қазір біртіндеп әлеуметтік мәселелерге көшті. Жолдауға қарап-ақ адам құқықтары, адам капиталы сынды өзекті мәселелер қаралып, оның шешу жолдары ұсынылып, басқа деңгейге өтіп келе жатырмыз. Мұның өзі дамудың бір көрінісі. Бұл мемлекетіміздің адам капиталына, қоғам салауаттылығына көзқарасының оң екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда қарап тұрсақ, барлық дамыған елдердің адам капиталын ең басты орынға қоятынын байқаймыз. Яғни бұл өркениеттің көрінісі. Қоғамдық-саяси бағытта оң өзгерістерді байқауға болады. Мәселен, кешегі Жолдаудағы сөз бостандығы, оның ішінде азаматтардың пікірін ашық білдіріп, шеру өткізе алу мүмкіндігі, еңбегіне сай жалақысының көтерілуі сынды тапсырмалар мемлекет басшысы салуатты қоғамдық-саяси бағытты ұстанғанын байқауға болады», - ғалым.
Ғалым, әлеуметтанушылар бірауыздан елдегі оң әлеуметтік бағыттардың алды болып, зейнетақының бір бөлігін белгілі бір азаматтардың үй алуға, оқуға жұмсауға мүмкіндік тудырылғанын атап өтті.
Тарих ғылымдарының кандидаты Арман Ешмұратов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауының басым бағыттарын талқылауға арналған сараптамалық кездесу барысында Жолдауда қуатты әдіснамалық мәлімдемелер барын айтты.
«Жолдау - биылғы президенттік сайлаудан кейінгі маңызды оқиғалардың бірі. Жолдауда болашақ реформаларға арналған қуатты әдіснамалық мәлімдеме бар. Экономикалық реформалар қоғамдық-саяси өмірді жаңартусыз мүмкін емес. Сондықтан барлық реформалардың векторы – экономикалық, әлеуметтік және саяси саладан үндестік табады. Тоқаев Жолдауы нақты ұсыныстар мен нақты тапсырмалары бар негіздемелік құжат. Енді сарапшылар қауымдастығының міндеті – қоғамға жеткізе білу. Айта кету керек, Жолдаудың алғашқы ережелерінің бірі мемлекеттік қызметке қатысты. Қазіргі кезеңде мемлекеттік органдар барлық реформалардың қозғаушы күші екені анық. Мемлекеттік органдар Жолдауды бірінші болып іске асыра бастауы тиіс. Және бұл өзгеріс - Мемлекет басшысы ұсынған қағидаттарға негізделген өзгеріс болуы абзал. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе» негізінде мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтерді осы форматта цифрландырумен қатар максималды алып жүру секілді шаралар мемлекеттік қызметтегі оң шаралардың басы», –деді Арман Ешмұратов.
Дөңгелек үстелге жиналғандар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауы сарапшылық қауымға ғана емес, еліміздің азаматтары үшін де қызығушылық тудырғанына тоқталды. Саясаттанушы, әлеуметтанушы ғалымдар Жолдауға елдегі әлеуметтік, қоғамдық-саяси мәселелерді жүйелі жіктеп қоя білген саяси маңызды жоспар деген баға берді.
Айдана Абдрахманова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады