- Басты
- Жаңалықтар
- Елшілік қазақстандық оқушыларға қытай тіліндегі оқулықтарды табыстады
Елшілік қазақстандық оқушыларға қытай тіліндегі оқулықтарды табыстады
Оқулықтарды алуға шамамен 27,5 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

«Бүгін осы жерге көп бала мен мүғалім келгеніне қуаныштымын. Нұр-Сұлтанда 4 мектепте қытай тілі оқытылады. Балаларға қытай тілі қатты ұнайды. Қытай тілін үйреніп жүрген балалардың жақында Қытайға барып, қытайлықтардың өмірі, мәдениеті, тарихын біліп келгендерін білесіздер. Қазір олар осында келді. Ал, бүгінгі шараға келетін болсақ, мұндай шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Қытай тілін оқу – екі ел арасын жақындататын рухани құрал. Сондықтан біз тұрғындар бір-бірін жақсы танығанын, үйреніскенін қалаймыз. Тіл үйренуде мектеп жасы өте қолайлы кезең болғандықтан, балаларға оқу барысында қолдау көрсеткіміз келеді. Келесі жылы мектеп саны 5-6 болып көбейеді деп үміттенеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, елші қытай тілі, мәдениетіне деген сұраныс жоғары екенін атап өтті.
«Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенде Конфуций институтының санын арттыруды қолдайтынын айтты. Былтыр желтоқсанда Елбасы қытай тілін үйретуге мән беруді бастады. Сондықтан біз осы бастаманы қолдауды міндет деп білеміз. Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін әлі талай жұмыс істеуіміз керек. Болашақта екі елдің ынтымақтастығы мен серіктестігін нығайту үшін қытайтанушы, қытай тілін үйретушілердің саны көбейеді деген үміттеміз», - деді Чжан Сяо.

ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Эльмира Асан Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында түрлі салада халықаралық шарттар бар екенін атап өтті.

«Оның ішінде Білім және ғылым министрліктері арасында студенттерді алмасу іске асырылып жатыр. Жыл сайын Қытай үкіметі қазақстандықтар үшін 100-ге жуық грант бөледі. Қазақстан да сондай көлемде грант бөледі. Қазіргі таңда Қытайдағы ЖОО 1300-ға жуық қазақстандық студент білім алып жатыр», - деді ол.
Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жакенов аталған шараға қатысып отырғанына ризашылығын білдірді.

«Мен алдымен қытай тілін қалай оқи бастағанымызға тоқталғым келеді. Назарбаев зияиткерлік мектебі физика-математика пәніне ден қойған. Біздің мектептің ашылғанына биыл 10 жыл толды. Ал қытай тілін біз 9 жыл қатарынан оқып келеміз», - деді М.Жакенов.
Сонымен қатар, мектеп директоры мектептің 68 түлегі грант ұтып алып Қытайда білім алып жатқанын атап өтті.
«Біздің мектепте тек қытай тілі ғана емес, тағы 6 шет тілі оқытылады. Алайда, ерекше көңіл қытай тіліне беріледі. Өткен жылы қытай тілін оқи бастаған оқушылар биыл нәтижелерін көрсетіп жатыр. Әрбір тілге маусымнан уақыт беріледі. Қытай елшлігіне ерекше алғыс айтқым келеді. Беріліп жатқан кітаптар қытай тілін жаңадан бастап жатқан оқушыларға үлкен әдістемелік құрал, жеңілдік», - деді М. Жакенов.
Нұр-Сұлтан қаласының №81 "Astana English School" гимназиясының директоры Гүлнар Садықова Қазақстан мен Қытай достастық қарым-қатынаста екенін айтып өтті.

«Қазіргі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде. Болашақта барлық салада ынтымақтасу әлеуеті жоғары. Екі елдің халқы да бастамаларды қолдайды. Біздің мектеп оқушыларына Қытай елшілігі 1 аптаға Қытайға сапарды ұйымдастырды. Оқушылар елдің тарихы мен мәдениеті, әдебиетімен танысты. Бұл оқушыларға болашақта университет таңдауға да септігін тигізеді. Себебі, Astana English Shcool түлектері үздік шетелдік ЖОО-ларға түседі. Біз екі елдің достастық қарым-қатынасын жоғары бағалаймыз. Әрі бұл ынтымақтастық жалғасын таба береді деген үміттеміз», - деді ол.
Сондай-ақ, гимназия директоры қытай тілі ағылшын тілінен кейін екінші шет тілі ретінде 2 сыныптан бастап оқытылатынын атап өтті.

Аягөз Құрмаш
Фото: Гүлжан Раманқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады