• Басты
  • Кәсіпкерлікке баулу курстары қалай оқытады
4 Қыркүйек, 2019 10:50

Кәсіпкерлікке баулу курстары қалай оқытады

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында түрлі мемлекеттік оқыту шаралары ұйымдастырылып келеді. ҚР Президенті Тоқаев өзінің алғашқы Жодауында ШОБ қызметін 3 жылға дейін тексеруге және негізгі қызметі үшін салық төлеуден 3 жылға дейін босатуға шешім қабылдағанын жариялады. Енді бұған қатысты заңнама 2020 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енбек. ШОБ-ты қолдаудың тағы бір шарасы – қазақстандықтарды кәсіпкерлікке үйрету курстары. Төменде «Атамекен» ҚР ҰКП-да оқыған тәлімгер өз ойымен бөлісті.
Кәсіпкерлікке баулу курстары қалай оқытады

«Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазақстандықтарға кәсіпкерлікті үйретуге бағытталған «Бизнес кеңесші», «Бизнес өсім» оқыту курстары туралы бизнеске жақында аяқ басқан, өткен айда аталмыш курстарда оқыған Ұлжан Шайхы оқудан алған әсерімен бөлісті.

«Биыл тамыз айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Бизнес кеңесші», «Бизнес өсім» кәсіпкерлік курстарында оқып, білім алдым. Негізінен Атамекеннің кәсіпкерлік дағдыларын үйрететін курстары туралы бұрыннан хабардармын. Алайда уақыт болмады ма, бұған дейін мән бермеппін. Оқу барысы өте жақсы, ұнады. Палатадағы кәсіпкер-тренерлер барынша көп ақпарат жеткізіп, шаршамай-талмай түсіндіреді. Дегенмен бұрыннан бизнеспен айналыспаған соң, кей нәрселерді жете түсіне бермейсің. Оның үстіне барлығы да тәжірибемен келеді ғой. Түсінбегенімізді қайта-қайта сұрастырып, оны түсіндіруге оқытушыларымыз да шаршамай, өте жақсы тәлімді сабақ алып шықтық. Түсіндіру, оқыту жағы бәрі ойдағыдай. Осындай мемлекеттік бағдарламаларға екі қолға бір күрек таппай жүрген қазақстандықтар қатысып, өздері де жұмыс күшін тартса жақсы болар еді. «Жоқ, жоқ» дей бермей еңбек етіп көру керек деп ойлаймын», – деді кәсіпкер, агроном Ұлжан Шайхы.

Бизнеске бір жыл бұрын келген Ұлжан ханым, өзі ұнататын, жақсы білетін салада кәсіп ашқанды құп көреді.
 

«Өзім агроном болғандықтан осы салада өткен жылы «Жусан Gold» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестік аштым. Кәсіпорынының атын «Жусан Gold» деп атауымның себебі – жусан өсімдігі Қазақстаннан басқа елдерде көп кездесе бермейді. Сондықтан осы өсімдікпен атауды жөн көрдім. Оның үстіне өзім агроном болғандықтан маған өсімдіктер жақын. Ландшафт дизайнымен айналысып, осы қаламыздағы офис, мекеме, үйлер айналасын өсімдік, ағаштармен әдемі, көркем етіп сәндеймін. Негізінде Атамекенде жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы да сәтті жүзеге асып келе жатыр. Үкімет яки жеке сектор ұйымдастыратын осындай игі бастамаларға назар аударып, қатысып, үйренгенімді іске асыруға тырысып жүремін. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік оқыту курстары туралы Бұқаралық ақпарат құралдарынан білдім. Кейіннен барып, толық ақпарат алдым», - деді ол.

 

Кәсіпкер тек өзі біліп қана қоймай, өз кәсібінің қыр-сырымен басқалармен бөлісу үшін әлеуметтік желілерден арнайы парақша ашқан.


«Өмір бойы мамандығым бойынша агрономия саласында еңбек етіп келемін. Нұр-Сұлтан қаласындағы Балаларды оңалту ұлттық орталығында 12 жылға жық уақыт бойы ауланы көгалдандырумен айналыстым. Сонымен қатар орталықта агротерапия сабағына қажетті қыс бағын жасап, онда мыңнан аса шетелдік гүлдерді өсірдім. Осындай ерекше жобаны іске асырушылардың бірімін. Орталықтағы екі гектардай жердегі ағаштардың барлығына жауаптымын, сол жерде екі мыңдай ағаш егіп, оның ішінде тек суық өңірлерде өсетін шырша, қылқан жапырақты ағаштардан бөлек, оңтүстікте өсетін 3-4 түрлі ағаштың түрін 10-12 жылдан бері өсіріп келемін. Осылардың бәрін әрі қарай дамытып, іске асырғым келеді. Қазақстанның жері кең-байтақ. Алайда қолдағы жерді қалай қолданарын білмей жүрген егіншілер бар. Жастарға қолдан келгеннің бәрін үйретіп, өзін осы салада дамытқысы, іс бастағысы келетіндерді алға жетелеу мақсатында Telegram, Facebook әлеуметтік желілерінен арнайы арналар ашып, бар білгенім туралы материалдарды сонда жариялаймын. Ол арналарда менен басқа агроном, бағбандар да өз білгендерімен бөлісіп жүр», - деді кәсіпкер ханым.

Қазақстанда бизнеес ашуға кедергінің жоқтығын айтқан ол болашақта тағы бір бизнесті қолға алатынын айтты.

«Қазақстанда кәсіп ашуға кедергі, шектеу жоқ. Дегенмен құжат және қаражат жөнінен сәл-пәл қиындықтар болады. Ең басты кедергі – ақша. Әлі де мемлекет тарапынан кәсіпті әрі қарай алып кететіндей мүмкіндіктер керек-ақ. Осыған қарамастан болашақта тағы бір бизнес жобамды бастамақ ойым бар. Ол үшін алдымен осы бизнесті дөңгелетіп алсам деймін. Ол бизнес идея –Қазақстанда көп қолға алына қоймаған саладан. Әзірге оның қай салада екенін айта алмаймын, бизнес құпия деп емес, алдын-ала тон пішіп, жариялағанды аса ұнатпайтын едім. Болашақта мақсатым қазір істеп жатқан бизнесімді әрі қарай дамыту. Ең басты мақсатым ақша табу емес. Жұмыссыз жүрген отандастарымды ынталандыру, оларды да еңбекке баулу», - деп сөзін түйіндеді кәсіпкер, агроном Ұлжан Шайхы.

 

Сұхбаттасқан Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды