- Басты
- Жаңалықтар
- Зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа қолдану дұрыс шешім – Н.Годунова
Зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа қолдану дұрыс шешім – Н.Годунова
«Қоғамға қажет дүниелердің бірін Президенттің өзінен естідік. Меніңше, сараптаманың қорытындысы қоғамға жеткізілетін болады. Мемлекет басшысы сәйкесінше тапсырмаларды берді, енді қорытынды күту ғана қалды», - деді Н.Годунова.
Оның айтуынша, аталған шара бюджетке әсер етпейді.
«Бұл біз бен сіздің болашаққа әсер етеді. Зейнеткерлердің де өміріне әсері бар. Зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін пәтер алуға немесе білім алуға шығындау мәселесі қарастырылған болатын. Бұл мәселені шешу тапсырылды. Бұл сараптаманың қорытындысын күтіп, кейін талқылауға болады деп ойлаймын», - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа жұмсауды пысықтауды Үкіметке тапсырған болатын.
«Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын.Шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқару сапасын жақсарту мақсатымен Үкіметке ортақ әлеуметтік қор құру және бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін жұмылдыру мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды