• Басты
  • Қазақстан ішкі нарықты өз астығымен қамтамассыз етпек
3 Қыркүйек, 2019 15:30

Қазақстан ішкі нарықты өз астығымен қамтамассыз етпек

Қазақстанда күздің бірінші күнінен бастап егін жинау жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде басталып кетті. Республика бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген аумақ көлемі 2019 жылы – 22,2 миллион гектарды құрады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 206 мың гектарға немесе 0,9%-ға артық болып тұр.

Қазақстан ішкі нарықты өз астығымен қамтамассыз етпек | Strategy2050.kz

ҚР Ұлттық экономика министрілігі Статистика комитетінің деректерін келтірген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Кесікбайұлының айтуынша жалпы дәнді дақылдар – 15,4 миллион гектарға егілген.

«Барлық егілген дәнді дақылдарды 74 пайызына, яғни 11,4 миллион гектарына бидай дақылы себілген. Ал майлы дақылдар 2,9 миллион егін алқабын алып отыр. Сонымен қатар  131,1 мың гектарға мақта, 19,6 мың гектарға – қант қызықлшасы, ал картоп пен көкөніс-бақша дақылдары – 191,3 жіне 261,1 мың гектарға, 3,3 млн гектарға азықтық дақылдар егілді. Егістікті сапалы дәнді дақылдар қолданылып, сапалы  химиялық тыңайтқыштар жеткізілді», - деді министр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың сөзінше биыл ауа-райы қатты ыстық болғандықтан егістікке біраз қуаңшылық әсерін тигізген

«Негізгі астық өндірісін өндіретін Қостанай облысындағы жағдай алаңдатарлық. Облыстағы құрғақшылық салдарын зерделеу мақсатында арнайы жұмыс тобы да құрылды. Оларды облыстың барлық аудандарын зерттеу жүргізді. Енді алдағы уақытта Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп облыстағы ауыл шаруашлығын қолдау шаралары іске асырылатын болады», - деді ол.

Жалпы ҚР АШМ мәліметінше, биыл 19 миллион тонна астық жинау жоспарланған.

«Астықтың сапасына қарай астық құны тоннасына 62 теңгеден 70 мың теңге аралығында болады. Жалпы, көктемгі-егіс жұмыстары мен егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 60 миллиард теңге бюджеттік несие, 395 мың тонна арзан жанар-жағармай материалдары бөлінді, олардың құны нарықтық бағадан 15 теңгеге арзан. Бүгінгі таңда 2169 ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарын 3,1 миллион гектар алқапта ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді қолдауға қаржыландырылды. Осы мусымда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ 1 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлап отыр.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ринат Ақбердин астық экспорты және отандық ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі нарықтары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

«Осы жылғы экспорттың негізгі ағымы – Орталық Азия, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран елдеріне бағытталады. 2018 жылы шамамен 7,5 миллион  тонна жеткізілді, бұл жалпы экспорттың 68%-ы. Түркияға, Грузияға, Италияға және Испанияға экспорттау көлемі ұлғайып келеді. Сондай-ақ Қытайға қазақстандық астық пен ұнның жеткізілімі артқан. 2016 жылы Қытайға экспорт көлемі шамамен 300 мың тонна болды. Ал 2018 жылы оның көлемі – 600 мың тоннаға жетті. Ал ол елге 2020 жылы бидай жеткізілетін болады. Қазіргі таңда келісімге келдік», - деді ол.

ҚР Ауыл шаруашылық министрінің сөзінше, дәнді дақылдарды жинау Жамбыл облысында 99,6%-ға және Түркістан облысында 100%-ға орындалған.

«Аталмыш өңірлер бойынша астық түсімі орта есеппен 19 ц/га құрап, еліміз бойынша 4,5 млн га аумақта дәнді дақылдар жиналды. Орташа түсімділігі 11,5 ц/га болатын 5,2 млн. тонна астық бастырылды. Қазіргі таңда егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін қажетті 395 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Жанар-жағармайдың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін орташа бағасы литріне 179 теңге», - деді ол.

Қазақстан ең ірі бидай экспорттаушы болғандықтан биыл да нан бағасы өзгеріссіз қалатын көрінеді.

«Нан бағасы тұрақты болып қалады, бағаның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Жыл басында мен нан бағасын төмендету туралы айттым. Азық-түлік корпорациясы арзандатылған астықты наубайханаларға 100-ден 150 мың тоннаға дейін сатады. 100 мың тонна астық саттық. Содан бері нан бағасы тұрақты болды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты биыл 1 -1,5 тоннаға аз өнім жинау жоспарланғанымен бұл жағдай ішкі нарыққа әсер етпейді», - деді ҚР АШМ.

Қазақстан 19 миллион тонна астық жинасса, оның 9 миллионы ішкі нарықта қалатын көрінеді. Жалпы ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін астық жеткілікті.

 «Егін жинау науқаны басталғанымен негізгі астықты өңірлерде ауа-райы тұрақсыз.Сондықтан жұмысты барынша шығынсыз орындауға бар күштеріңізді салыңыздар. Науқан барысы жаман емес. Алдағы уақыттағы егін науқанына Үкімет тарапынан егін орағын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдерді қабылданып қойды», — деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Асқар Мамин егін орағын уақытында аяқтап және ауыл шаруашылығы өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды міндеттеді. Сонымен қатар ол астық сақтау кәсіпорындарының астықты қоймаға уақытылы қабылдауы қажеттігіне және жиналған астықты сақтаудың тиісті шараларын қамтамасыз етуге шақырды.

 Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды