• Басты
  • Жолдау өзекті мәселелердің шешімін көрсетті – пікірлер
3 Қыркүйек, 2019 12:05

Жолдау өзекті мәселелердің шешімін көрсетті – пікірлер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жарияланды. Жолдауға жұртшылық қолдау көрсетіп жатыр.

Жолдау өзекті мәселелердің шешімін көрсетті – пікірлер | Strategy2050.kz

«Басты байлық – деннің саулығы. Қоғамымызда еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі замандастарымыздың дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Соған орай, медициналық тексеріс, сырқаттанудың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, дәрігерлік тегін кеңес беру жүйелі жолға қойылған. Бірақ, өмір болған соң әртүрлі жағдай орын алады. Бүгінгі таңда балалардың құрсақта жатып кемтарлыққа шалдығуы белең алып отыр. Нәрестелердің туа біткен сал ауруы, есту-сөйлеу кемістігі жиі кездесуде», - деді Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы  Қадыр Әбдірахманов

Сонымен қатар, ол атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар оларды күтіп-бағу, емдету, оқыту жағынан қиындыққа тап болып жатады.

«Көп жағдайда балаларды бағып-қағу қаражатқа келіп тіреледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған бүгінгі Жолдауында әлеуметтік мәселеге, оның ішінде мүгедек балаларды емдетуге ерекше көңіл бөлгендігі қуантты. Жан-жағың аман болсын» дейді қазақ басқаға ақжарма тілегін арнағанда. Ендеше, Қазақстанның әрбір тұрғыны келешекке кедергісіз ұмтылуы керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Алматы облысының Құрметті азаматы  Әбілғазы Райымбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы замандастарымызды айрықша толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешімін көрсетуімен құнды дейді.

«Әсіресе ұлттық мүддеге негізделген тапсырмалардың өзектілігі өзін мемлекетшіл санайтын әрбір азаматты бейжай қалдырмасы анық. Сонымен биылғы Жолдауда айтылған аса өзекті мәселелерге тоқталар болсам, Президенттің мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға, шағын және орта кәсіпкерлікті жаппай дамытуға, Үкіметтің тариф пен бағаны реттеу мәселесін қолға алуына, жалпы ішкі  өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға жеткізуге, мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға қатысты ойлары - қолдарлық бастама», - деді ол.

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдауы керектігін айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзі көкіректердегі асыл ойды дөп басқандай болды, дейді ол.

« Себебі, сайлаушылардың қолдауымен заң шығарушы органға барған кейбір депутаттардың халықтың мүддесі үшін бірауыз сөз айтпайтыны жасырын емес. Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан шыққан сөздің ең аталысы – ата-бабамыз қасық қанымен қорғаған жеріміздің шетілдіктерге сатылмайтындығын мәлімдеуі дер едім», – деп ашып айтуы көпшіліктің көңілінен шықты», - деді ол.

 «Jetisu media» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  Жанна АрынбековаПрезиденттің әлеуметтік желі арқылы мемлекет пен халықтың арасында алтын көпір орнату идеясы көпшіліктің қызығушылығын оятқанын атап өтті.

«Расында халықпен тиімді кері байланыс орнату қашанда алғы мақсаттардың бірі. Ендігі кезекте Президент Әкімшілігінде осы саланы қадағалайтын бөлім ашылды. «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары саналады. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау сапасын қадағалайтын, олар бойынша жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізге аса қажетті салалардың жұмысын жандандырудың тиімділігін алға тартты», - деді ол.

Сонымен қатар, Алматы облысының барлық деңгейдегі әкімдері мен әкімдіктерінде әлеуметтік желі беттерінде халықпен кері байланыс орнатылғанын айта кеткен жөн.

«Жалпы үш жыл бойы жүргізілген аккаунттарда жетісулықтар өздерінің сауалдарына толыққанды жауап алып қана қоймай, өздерінің көзқарасы мен ұсыныстарын да білдіріп келді. Сондай-ақ, облыстық басқармалар мен департаменттер әлеуметтік желілерде ресми аккаунттарын жүргізіп, халықпен қарым-қатынасты «онлайн» форматта жүргізуде. Мемлекеттік қызметшілердің онлайн түрде тез әрі оперативті қызмет көрсетуі тұрғындар арасында сенім тудырып, өзекті мәселелер тез шешімін табады деп сенеміз», - деді ол.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды