• Басты
  • Әрбір тапсырманың орындалуы қатаң бақылауға алынады – А.Мамин
3 Қыркүйек, 2019 11:11

Әрбір тапсырманың орындалуы қатаң бақылауға алынады – А.Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы Премьер-Министрдің орынбасарлары баяндап берді.

Әрбір тапсырманың  орындалуы қатаң бақылауға алынады – А.Мамин | Strategy2050.kz

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов  ел  Президенті Жолдауында 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсуін кемінде 5% етіп тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылымдық өзгерістерді іске асыру қажеттігі бар екенін атап өтті.

«Бұл үшін Үкімет экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмысты жалғастырады және мемлекеттік органдардың да, квазимемлекеттік сектордың да қызметіне функционалдық талдау жүргізуді жандандырады.Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың зерттеулері мұқият талданатын болады.Мемлекеттік қызметшілер санын біртіндеп қысқартуға бағытталған жұмыс жүргізіледі, ал босатылған қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалатын болады», - деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25%-ке қысқаратын болады.

«Басым міндеттердің бірі - квазимемлекеттік сектордан қайтарымды арттыру.Ұлттық әл-ауқат қорының өткен 14 жылдағы халықтың әл-ауқатының өсуіне нақты үлесі бағаланатын болады.Үкімет Есеп комитетімен бірге үш айлық мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді.Президент сондай-ақ баға белгілеу және тарифтер мәселелерімен жүйелі және нақты айналысуды тапсырды», - деді ол.

Әлихан Смайылов  табиғи монополистердің субъектілері ұсынатын тауарлар мен қызметтердің бағаларын реттеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу қажеттігін айтты.

«Келесі мәселелер блогы, бұл – шағын және микро бизнесті дамыту.Жұмыссыздықты азайту және ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеру шеңберінде Ұлттық қордан 100 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінді.Мемлекет басшысы бизнесті дамыту үшін бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын Есеп комитетіне Қаржы министрлігімен бірлесіп ерекше бақылауға алуды тапсырды.Ағымдағы жылдың соңына дейін микро және шағын бизнес компанияларын олардың негізгі қызметінен үш жыл мерзімге салық төлеуден босату жөніндегі заңнамалық негіз әзірленетін болады», - деді ол.

Сондай-ақ, 2020 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу күшіне енеді.

«Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі, ол да шағын бизнесті ынталандыруға бағытталған.Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс күшейтіледі, капиталдарды шығарумен, салық төлеуден бас тартумен күрес қатаңдандырылады.Жақында экономикалық тергеу қызметінің жұмысы қайта қалыптастырылды және оңтайландырылды.Президент салық жүйесін ұлттық табысты барынша әділ бөлуге назар аудара отырып, жаңғыртуды тапсырды», - деді ол.

Сонымен қатар, компаниялар үшін адами капиталға, еңбек өнімділігін арттыруға, техникалық қайта жарақтандыруға, экспортқа инвестиция салуға ынталандыратын ағымдағы салық жүйесінің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылданады.

«Салық кодексінде көзделмеген төлемдерге, алымдарға тыйым салынады.Маңызды міндеттердің бірі – бюджеттің және Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.Осыған байланысты, Ұлттық банкпен бірлесіп ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлттық қорды инвестициялау және пайдалану сапасын арттыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірленетін  болады.Халықты әлеуметтік қолдауды күшейту үшін барлық тиімсіз шығыстарды қысқарту және бюджет кірістерін арттыру есебінен бұдан әрі резервтер іздестірілетін болады», - деді ол.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі кедендік әкімшілендіруді жақсарту және күшейту жөніндегі кешенді жұмысты жалғастырады.

«Мемлекеттік сатып алу жүйесі бұдан әрі жетілдірілетін болады.Тиісті заң жобасы әзірленді, ол адал бәсекелестікті ынталандыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын және өнім берушілердің біліктілігін арттыруға бағытталған.Осының барлығы бюджетке қосымша табыс алуға мүмкіндік береді», - деді Ә. Смайылов.

Оған қоса, бұл ретте шығындарды оңтайландыру және активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту мақсатында Үкіметке бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлем енгізу жолымен әлеуметтік қамтамасыз етудің бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру мәселесін зерделеу тапсырылды.

«Сондай-ақ жергілікті бюджеттерді қалыптастыруға халықты нақты тарта отырып, барлық деңгейлерде бюджет процесін ұйымдастыру құрылатын болады.Аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлері жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуде экономикалық жағынан неғұрлым дербес болуы үшін тиісті заңнамалық актілер қабылданатын болады.Жалпы, біз Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру және орындау бойынша тиісті іс-қимыл жоспарын әзірлейтін боламыз.Президент Жолдауын іске асыруға қажетті қаражат Парламент Мәжілісіне енгізілген 3-жылдық бюджет жобасының шеңберінде толық көзделетін болады», - деді ол.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев  Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында халықтың тұрмысын  арттыруға, қоғамдық келісімді  жақсартуға, халықпен тығыз байланысқа    көңіл бөлгенін атап өтті.

«Қоғаммен байланысқа қатысты  халыққа жақындату бойынша тұжырымдама әзірленетін  болады. Халықтың баспасөзге қолжетімділігін арттыру үшін  қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. Азаматтық қоғамның  2025 жылға дейін тұжырымдамасы әзірленетін болады. Келесі жылы Әл-Фарабидің  1150 және Абайдың  175 жылдығы мен ҰОС  жеңісінің  75 жылдығын, мемлекет   егемендігінің  30 жылдығын аталып өтіледі. Соған қатысты тиіс іс-шаралар қабылданатын болады», - деді Б.Сапарбаев.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

«Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек», — деді Аскар Мамин.

Үкімет басшысы 7 қыркүйекке дейін Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды