- Басты
- БЖЗҚ қосымша салымының кейінге шегерілгені – дұрыс шешім
БЖЗҚ қосымша салымының кейінге шегерілгені – дұрыс шешім

Белгілі экономист – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарға салық заңнамасын жеңілдету үшін жұмыс берушілердің БЖЗҚ-ға 5% мөлшеріндегі салым салуды кейінге қалдыруды тапсырғанын ерекше атап өтті.
«Менің ойымша, бұл шара қазіргі уақытта Қазақстан үшін ең тиімді және қажет деп санаймын», - деді Рахым Ошақбаев.
Сонымен қатар ол, Президент Қазақстан қоғамының өткір проблемаларын атап өткенін және оларды шешу жолдарын ұсынғаны туралы сөз қозғады.
«Мәселені анықтау басқа да, оны шешудегі нақты бағытты белгілеу – басқа нәрсе. Енді біз Үкіметтің бұл тапсырмаларды қалай жүзеге асыратынын көреміз», - деді экономист-сарапшы.
Естеріңізге сала кетсек, Президент өз Жолдауында аталмыш жинақтардың әлеуметтік қамту және зейнетақы жүйесінде тұрақтылықты қамтамасыз еткенімен, мұндай жағдайда жұмыс берушілер жұмыс орындарын ашуға және еңбекақыны көтеруге ынтасын жоғалтып, көлеңкелі бизнесек жол ашылуы, сол себепті, Үкіметке жұмыс берушілер тарапынан төленетін 5 пайыздық қосымша зейнетақы салымдарын 2023 жылға дейін шегере тұруды тапсырған болатын.
Сондай-ақ ол Қазақстан халқы алдында шағын және орта бизнесті қолдауға, сот және құқық қорғау жүйесін қатайтуға бағытталған бірқатар реформаларды жариялады. Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына тез әрі тиімді жауап беретін мемлекеттің тұжырымдамасын жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.
P.S.
2020 жылы қабылданатын БЖЗҚ туралы ережеге сәйкес, қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақысының 10 пайызы - қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы - жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары аударылатын болған. Зейнетақы аударымдарының жаңа ережесі барлық жұмыс істейтін қазақстандық пен жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады, деп шешілген. Алайда жұмыс берушілерден келіп түскен 5 пайыз зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмай, жеке мұраға қалдырылмай, БЖЗҚ активінде болып, зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді деп есептелген еді.
Айдана Абдрахманова
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар

