- Басты
- Жаңалықтар
- Арман Шораев: Тоқаев саяси реформаға жол ашпақ
Арман Шораев: Тоқаев саяси реформаға жол ашпақ
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Арман Шораев – Президент Қ.Тоқаевтың жолдауындағы жердің шетелге сатылмайтындығы туралы пікірін ерекше қолдайтынын айтты.
«ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа жолдауында көптеген игі бастамаларды көтеріп, елдің дамуына қажетті нақты ұсыныстар ұсынып, тапсырмалар берді. Оның ішінде маған ең ұнағаны – жердің шетелге сатылмауы және бос пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару туралы ұсынысы көңілімнен шықты. Бұл еліміздің басты қағидасы. Қазір көптеген ауыл шаруашылығы жерлері латифундистердің қолында, яғни бір адам бірнеше мыңдаған жерге иелік етіп алып, оны қолданбай бос жатқан жағдайлар көптеп кездеседі. Президент осыған тосқауыл қоймақ. Менің ойымша бір адамға 50 мың гектардан артық жер берілмеуі керек», - деді ұлттық кеңес мүшесі Арман Шораев.
Оның айтуынша, ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің санын қысқарту – саннан сапаға жол ашады.
«Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік және ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің санын 25 пайызға қысқарту туралы айтқаны – өте орынды. Президент Қ.Тоқаев біздегі алпауыт ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің саны мен жұмысының нәтижесіне қарап, осындай шешімге келді деп топшылаймын. Ұлттық компаниялар шағын және орта бизнеске демеу болуы керек. Енді саннан сапаға көшетініне үміт басым. Сондай-ақ, Тоқаевтың жаңадан құрылған шағын және орта бизнес кәсіпорындарын негізгі қызметі үшін 3 жылға салықтан босату және осы аралықта шағын және орта бизнесті тексеруе тыйым салғаны өте құптарлық жайт. Өйткені кез-келген елдің экономикасының тірегі осы – ШОБ», - деді ол.
Сондай-ақ ол Президенттің саяси реформа жасау туралы ұсынысын жоғары бағалады.
«Соңғы он жылда тұңғыш рет саяси реформалау туралы ұсыныс естідім. Бұл туралы Тоқаевтың бүгінгі жолдауында айтылды. Президент мырза саяси реформа болмай, ешқандай экономикалық жетістіктерге қол жеткізе алмаймыз деді. Бұл пікір де мені қатты қанағаттандырады. Мемлекет басшысының бұл пікірі – жаңа партияның өмірге келуіне жол ашады деп сенемін. Парламентте тек қана бір ғана партия ғана емес, бірнеше партия болуы және олардың пікірі-ұсынысы тыңдалғаны жөн. Ұрыс-төбелес көшеде емес, парламент қабырғасында болуы тиіс», - деді Арман Шораев.
Арман Шораев 6 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесуінде қандай ұсыныс ұсынатындығы туралы айтты.
«Тағы бір айта кетерлігі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесімен кездесу өткізетіні жоспарлануда. Сол кеңестің саяси реформалар ұсыну тобында болғандықтан, қазіргі уақытта ұсыныстарымызды топтастырып жатырмыз. Одан кейін, 5 қыркүйекте біз өз тобымыздың атынан сөйлейтіндердің тізімін жасаймыз. 6 қыркүйек күні жариялаймыз. Онда саяси партиялар, бейбіт шерулер, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарға өзгеріс енгізу тралы нақты ұсыныстар айтамыз. Сонымен қатар құқық қорғау, сот жүйесі туралы да ұсыныстарымыз бар», - деді ол.
Айдана Абдрахманова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары