• Басты
  • Қ.Тоқаев: Мен халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын
2 Қыркүйек, 2019 11:33

Қ.Тоқаев: Мен халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын

ҚР Парламент палаталарының отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жасап жатыр.

Қ.Тоқаев: Мен халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын | Strategy2050.kz

«ҚР Контитуциясының  59 бабына сәйкес, 6 шақырылымдағы Парламенттің  5-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді Қ.Тоқаев. 

Кейін ҚР Әнұраны ойнады. Мемлекет басшысы Жолдауын жариялауға кірісті. 

«Құрметті отандастар, құрметті депутаттар, Үкімет мүшелері баршаңызды парламенттік жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын. Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. 30 жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың асқақ абыройы, аңсаған  арманын орындадық. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты елге айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, салтымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық біліктіліктерін ілгерілету, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды», - деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздің дамуын бүкіл әлем мойындағанын атап өтіп, қазақстандық яғни, Назарбаев моделі деп аталғанын айтты. 

«Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Өздеріңізге белгілі, осының барлығы менің сайлау алдындағы бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оларды жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын», - деді Қ. Тоқаев. 

Сонымен қатар, Президент 5 институтционалдық реформаны жүзеге асыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті. 

«Елбасы бастаған басқа да стратегиялық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігін негізге алу керек. Сондай-ақ, құрылған Ұлттық комиссия жұмысын жаңарту қажет. Біздің ортақ міндеттеріміз атап айтқанда, менің сайлауалды тұғырнамамды жүзеге асыру бойынша пікірлермен бөлісемін. Қазіргі заманда тиімді мемлекет құру мен ұсынған саяси трансформация халқымыз бен мемлекеттің мүдделерін ескере отырып, кезең-кезеңімен және 100 пайыз жүзеге асырылатын болады. Әлемдік тәжірибе  жүйесі саяси тұрақтандыру және ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға және тұрақты мемлекеттілікке алып келетінін көрсетіп отыр. Сондықтан да, біз саяси реформаларды асықпай бірақ дәйекті түрде ойластырып жүзеге асыратын боламыз. Біздің іргелі қағидатымыз - табысты экономикалық реформаларды еліміздегі қоғамдық саяси өмірді жаңғыртусыз жүзеге асырылмайтынын білу. Қуатты Президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет бұл орын алмаған факт. Бұл – біз қол жеткізуге тиіс мақсат. Осы саяси жүйенің формуласы тұрақты дамудың негізі болып табылады. Біздің міндетіміз еститін мемлекет тұғырнамасын іске асыру. Ол азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді ден қойып отыр. Мемлекет пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы  ғана қазіргі геосаяси жағдайда қуатты мемлекетті құруға болады. Сондықтан да, азаматтық қоғамдық қолдап, нығайту қажет және он жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту қажет. Дәл осы  мақсат үшін Қоғамдық сенім кеңесі құрылды», - деді Қ.Тоқаев. 

Қ.Тоқаев өз Жолдауында жүзеге асырылу керек іс-шаралар жоспарын атап өтті. 

“Екінші. Халықпен тиімді кері байланыс.Ашықтық. Ұлттық диалог.Адамдардың сұранысына  жедел әрекет ету мемлекеттік органдардың басты қызметі болып табылады. Президент Әкімшілігінде азаматтардың өтінімдеріне жауап беруді тексеретін бөлім бар. Кейде тұрғындар жергілікті жердегі шенеуніктердің жабыықтығына қатысты президенитке ткелей жүгінуге мәжбүр болады. Белгілі бір  саладағы әдіілетіздік өңірлер мен нақты бір меморгаанның жүйесндегі проблема барын айқындайды”, - деді Қ. Тоқаев. 

Сонымен қатар, Мемлекет баасшысы  2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқаратынын атап өтті. 

“Үнемделген қаржы қалған қызметкерлерді ынталандыруға жұмсалады. Мемлекеттік қыызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру үшін олардың қатарына дайындалған жас кадрларды тарту керек. Сонымен қатар, 2024 жылы мемлекеттік қызметкерлер саны мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын  25 пайызға, яғни төрттен бірге қысқарту көрсетіліп отыр”, - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев Конституцияға сәйкес бейбіт шерулер заң бұзушылық пен азаматтар тыныштығын бұзбайтын жағдайда  тәртіпке сәйкес шараларды өткізуге рұқсат беру қажеттігін айтты. 

“ Қаланың шет аймақтарынан ол үшін арнайы орындар бөлу қажет. Алайда, конституциялық тәртіптерге қайшы келетін оқиғалар заңмен реттелетін болады”, - деді Қ. Тоқаев. 

Сондай-ақ, Президент  этносаралық қарым-қатынасты нығайтуды жалғастыру қажет екенін атап өтті.

«Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!»,-  деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев келер жылы ұлы тұлғалардың мерейтойлары болатынын атап өтті. 

“Келесі жылы Әл-Фарабидің  1150 және Ұл Абайды 175 жылдығы мерекеленеді. Мерейтой барысында ычсырапшылдыққа жол бермей, ұлы тұлғаларымыздың мектебін халық арасында дәріптеуіміз керек. ең маңызды мерекеге Тәуелсіздіктің  30 жылдығына байланысты шараларды іске асырумыз қажет. Еліміздегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты отааншылдыққа тәрбиелейді деп ойлаймыз”, - деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен қатар, Қ. Тоқаев хаалқты қауіпсіздікпен қатамасыз ету мәселесіне тоқтады. 

“Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторы құқытық-сот жүйесін терең рефоралау болып табылады. Сот шешімдерінің жағдайын жақсарту бойынша бірқатар елеулі шаралар жүзеге асыру қажет. Судьяның заңға және ішкі шешіміне қатысты шешім шығару құқығы мызғымас болып қалады. Сот шешіміне тыңғылықты сараптама жүргзу қажет. Құқықтық даулар мен билік органдарының шешім әрекеттеріне азаматтар тең емес жағдайда болып жатады. Сондықтан сол айырмашылықтарды жоятын дауларды реттеу қажет. Алдағы уақытта соттық дауларды шешу кезінде қосымша дәлелдер жинау қажет”, - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды тапсырды. 

“ Тез арада сексуалдық зорлық-зомбылық, есірткі саудасы мен адам сату қылмыстарына қатысты жазаны күшейту керек”, - деді Қ. Тоқаев. 

Сондай-ақ, ҚР Президенті браконьерлік мәселесіне де тоқталып өтті. 

“Браконьерлер жақсы  қаруланған және жарақтандырылған, қылмыстары жауапсыз қалатынын біледі. Жануарлар дүниесін қорғау бойынша екі инспектор қаза тапты. Браконьерлер біздің табиғатты, құндылықтарымызды аяусыз жойып келеді. Осыған орай Үкіметке 2 ай ішінде негзгі заңнаманы қатайту бойынша тапсырма беремін” - деді Президент. 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүйелік күрес те маңызды мәселелердің бірі болып отыр. 

“Сыбайлас  жемқорлықпен күрес жүйесін тұрақтандыру үшін жұртшылық пен сарапшыларды тарту керек. Орталық және жергілікті органдардың құқықтық-нормативтік актілері жобаларын қалпына келтіру қажет.  Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс қозғалған едомство жетекшісін де заңнамалы түрде реттеу қажет”, - деді ол.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев полиция қызметіне қатысты реформаны жүргізу өзекті мәселелердің бірі екенін айтып өтті. 

“Полицияның мемлекеттің  күшті құрылғысы ретіндегі бейнесі біртіндеп өткенге шегеріледі. Ол азааттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органға айналады. Бірінші кезеңде 2020 жылға дейін әкімшілік полиция қызметін қайта жаңғырту керек. Оны сапалы әрі достастық деңгейден арылтып жасау керек. Полицияның тиімді жұмысы  полиция қызметінің беделіне қатысты болып отыр. ІІМ реформасына 173 млрд теңге алдағы үш жылда бағытталады. Бұл қаржы жәрдемақыны арттыруға, баспананы жалға беру ен ХҚКО-лар бойынша фронт-кеңселерді құруға бағытталады”, - деді ол. 

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев табысқа салынатын салық туралы айтып берді. 

“Үкіметке компанияларды микро және шағын бизнесті табысқа төленетін салықтан босату бойынша заң жобасын әзірлеуді тапсырамын. Заңнмаға сәйкес түзетулер 2020 жылдан бастап өз күшіне енуі керек. 2020 жылдың қаңтарынан бастап, шағын және микро  бизнесті салықтан үш жылға босату туралы шешімім өз күшіне енеді. Біз бизнестің заңға бағынушылығы мен адалдығына сенеміз. Олар тұтынушылар мен халық алдында адал қызмет көрстеді” - деді Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев бизнес құқық қорғау органдары мен реттеу органдарының іс-әрекетіне қатысты проблемаларға душар болатынын жеткізді. 

“Шағын және орта бизнеске жүргізілетін рейдтер жиілеп кетті. Менің ұстанымым белгілі - шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтііру  мемлекетке жасалған қастандық.Осы орайда, заңнамалық тұрғыдағы қоымша шаралар қажет. Парламент пен Үкімет аталған проблеманың шешімін ұсынуы керек. Көлеңкелі экономикамен жұмысты  күшейтіп, салықты төлемеумен күресу қажет”, - деді Қ.Тоқаев. 

Президент елдегі азық-түліктен бастап киім -кешек, әртүрлі қызмет құны жоғары екенін атап өтті. 

“Мәселен, неге негізгі әуетасымалдаушының сұранысқа ие бағыттар бойынша Еуропамен  салыстырғанда әлдеқайда жоғары деген сұрақ туындайды. Біздің әуежайлардағы қымбастышылық немен байланысты. Біздің әуежайлардағы шетелдік тасымалдааушыларға жанар-жағармай отандық тасыалдаушыларға қарағанда қымбат болады. Қорытындысында, Қазақстанның әуе саласы бәсекеге қабілеттілікті жойып, елдің транзиттік әлеуеті төмендейді” - деді ол. 

Сонымен қатар, Қ. Тоқаев Арыста болған жағдай Қарулы күштерде бірқатар проблема жинақталғанын атап өтті. 

“Әскери шығындарды реттеп, әскердің ортақ тәртібі мен қаржылық жағдайын нығайту қажет. Сонымен қатар, әскери қызметті беделін арттырып, Қарулы күштердің материалдық жарақтандырылуын арттыру керек. Біздің әскер геосаяси жағдайлар ен елді қауіптен қорғау шараларына дайын болуы керек”, - деді ол.

Мемлекет басшысы квазикомпаниларды құру туралы айтып өтті. 

“Біздің мемлекеттік компаниялар халықаралық бәсекеге қабілеттліктің күмәнін тудыратынын мойындау керек. Экономикаға мемлекеттің  көп қатысуын қысқарту мақсатында квазимемлекеттік компанияларға бақылау жүргізу шешімі қабылданды”, - деді ол. 

Сондай-ақ, Президент жұмыс берушілерге міндетті зейнетақы төлдерін енгізуді алып тастау туралы шешімін айтты. 

“Үкімет әлеуметтік төлемдердің артып бара жатқанына назар аударуы керек. Бір тараптан бұл жинақтар  әлеуметтік және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамаыз етеді. Алайда, жұмыс берушілер жұмыс орындарын ашуға қызығушылықтарын жоғалту қаупі болғандықтан, бизнес көлеңкеге қарай ығысады. Үкіметке қосымша зейнетақы төлемдерін 5 пайызға дейін  енгізуді 2023 жылға дейін тоқтатуды тапсырамын”, - деді Қ.Тоқаев. 


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы  "Ауыл ел бесiгi" бағдарламасын жүзеге асыруға Үкіметке үш жылда  30 млрд теңгеге қосымша тағы 90 млрд теңге бөлуді тапсырды. 

“Бұл қаражат инфрақұрылымдық  шаралар мен су және газбен қамту, жөндеу жұмыстары мен мектеп, ауруханаа құрылысына жұмсалады. Суармалы жер көлемін кезеңдеп арттыру қажет. Он  2030 жылға қарай 3 млн гектарға жеткізу керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімін 4,5 есеге арттырады. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы  министрліктеріне ферерлердің тауарын ішкі нарыққа шығару бойынша қолдау көрсетуі қажет”, - деді ол.

Қорытындысында Президент халықты толғандыратын барлық мәселе белгілі екенін айтты.

“Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі.Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр.Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын.Қазақстан – ортақ шаңырағымыз!Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер.Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді.Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық.Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін!Баршаңызға амандық, табыс тілеймін”, - деді Президент. 

 

 

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды