- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеудегі бизнес-форумға қазақстандық агроэкспорттаушылар қатысуда
Мәскеудегі бизнес-форумға қазақстандық агроэкспорттаушылар қатысуда
« Екі күнге созылатын іс-шара қазақстандық «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің Мәскеу Үкіметімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілеттілігімен бірлесе ұйымдастырылды. «ҚазАгро» холдингі басшысы Дулат Айтжановтың айтуынша бизнес-миссияның басты мақсаты - Мәскеу нарығына қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастыру сұрақтарын ресейлік серіктестермен бірлесіп шешу», - делінген хабарламада.
Бизнес-форум Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерінің экспотрын ұлғайту бойынша берген тапсырмасы аясында өткізілуде.
Мәскеулік форумда қазақстандық өндірушілердің өнімі және еліміздің АӨК-нің экспорттық мүмкіндіктері ұсынылады. Өз кезегінде Мәскеу қ. сауда және қызметтер Департаменті ресейлік бас қала нарығының жағдайы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен сату мүмкіндіктерін айтуды көздеп отыр.
«Кедендік одақ шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда климатының қолайлығын, сонымен қатар Мәскеу қ. және Мәскеу облысының өткізу нарығының үлкен және перспективалығын ескере отырып, өнімдерді осы аймаққа жеткізуге, сонымен қатар «ҚазАгро» Ұлттық холдингі қазақстандық бизнесмендер үшін ұйымдастырған Ресей астанасындағы сауда миссиясына қатысуға дайынбыз», - деді Алматы облысындағы «Green Land Alatay» ЖШС жылыжай кешені директоры Алмаз Даутов.
Форум барысында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен Мәскеу қалабасы Сергей Собянинмен кездесуі жоспарлануда. Сонымен қатар, іс-шара нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мәскеу қ. сауда және қызметтер Департаменті арасында Бірлескен мәлімдемеге қол қою, сонымен қатар «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен «Мосрегионторг» ААҚ арасында өзара көмек пен ынтымақстастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
Бизнес-форум бағдарламасы потенциалды мәскеулік серіктестердің сауда алаңдарына және өндіріс базаларына баруды қамтиды. Қазақстандық кәсіпкерлер аймақтағы ұн комбинаттары, элеваторлары және астық сақтау қоймалары жұмыстарымен танысып, жергілікті ет және ет өнімдерін тоңазыту қоймалары мен ауыл шаруашылығы көтерме базарларына барады.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды