- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Абаев ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөнінде отырыс өткізді
Д.Абаев ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөнінде отырыс өткізді
Комиссия отырысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, IT-компаниялардың, ҮЕҰ және Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Отырысты аша отырып, министр Дәурен Абаев ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы"заң талаптарын орындаудың міндеттілігін атап өтті.
Отырыста 2018 жылғы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы дәрежесін бағалау нәтижелері ұсынылды. 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлауы байқалады. Бұл бағалау әдістемесінің өзгеруімен де, өзінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмысымен де байланысты.
Комиссия сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың (ОСК, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) ақпараттық жүйелерінің деректерін "Зерде" Холдингі жүргізген талдаудың қорытындыларын қарады. Оның қорытындысы бойынша "Ашық деректер" порталында 30-ға жуық жаңа деректер жинағы жарияланып, жалпыға қолжетімді болады.
Сондай-ақ, “Зерде” Холдингі Басқарма төрағасының орынбасары А. Н. Анисимов өз сөзінде Ашық деректер негізінде 5 жаңа қосымшалар әзірленіп жатқандығы туралы атап өтті. Олар "Smart Ақсу", "Smart Qostanay", "Смарт Заправка", "UniPark Клиент" және "DocuLite" қосымшалары.
Отырысқа шығарылған тағы бір мәселе – ашық отырыстардың онлайн-трансляциясын өткізу бойынша "ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңның талаптарын орындау. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың түгелінің дерлік бұл талапты сақтамайды. Сондықтан тиісті ұсынымдар берілді.
Отырыс соңында әзірленіп жатқан мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының бета-нұсқасы (ИРБП) таныстырылды, ол барлық мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын және "электрондық үкімет"порталын біріктіреді.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы А. Н. Тұрысовтың айтуынша, жыл соңына дейін барлық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ИРБП-ға көшіру, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап оны іске қосу жоспарланып отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері