- Басты
- Конституцияның цифрлық өркениет дамуындағы рөлі қандай болмақ
Конституцияның цифрлық өркениет дамуындағы рөлі қандай болмақ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірқатар министрлер мен вице-министрлер қатысқан дөңгелек үстелдің мақсаты еліміздегі әлеуметтік-құқықтық, демократиялық қағидаттарын жаға бақытқа қарай дамытып, Ата Заңымыздың әлеуеті мен рөлін жан-жақты талқылау болып отыр.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мами іс-шараның ашылуында Ата Заң белгілеген құқықтарды бұлжытпай сақтап, құрметтеу арқылы мемлекет алға қойған мақсатарына жететінін айтты.
«Ата Заң – ел егемендігін, тәуелсіздігімізді бекітетін аса маңызды құжат. Ол мемлекеттіліктің, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың негізгі тұтқасы. Конституцияны құрметтеу, оның құқықтық ережелерін бұлжытпай сақтау арқылы Қазақстан Респубикасы алға қойған мақсатына жете алады», - деді дөңгелек үстелде Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мами.
Биыл Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданғанына 24 жыл толды. Қайрат Мамидің айтуынша биыл мемлекетіміздің дамуында жаңа кезең - әлеуметтік әділ, демократиялық және құқықтық мемлекет құру бағыты қуатты серпін тудырады. Қазірі таңда ел алдында қоғамдық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды, білім беруді, жұмыспен қамтуды сапалы жаңғырту мәселелері тұрғандықтан мемлекеттік басқару мен саяси жүйенің тиімділігі алдыңғы қатарда болады.
«Маңызды міндет - заңдылықты, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, заманауи құқық қорғау жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Негізгі Заң барлық осы процестерде маңызды рөл атқарады. Конституцияның шығармашылық әлеуетінің толықтай іске асырылуы - аталмыш бағыттарда қабылданған шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты болып отыр. Цифрландыру заманында мемлекет пен қоғамның қайта құру кезеңі күтіп тұр. Ата Заңға жаңаша көзқарас қажеттігі туындауда. Ендігі жақын болашақта бар күш-жігер Конституция нормаларының тікелей қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Цифрлық өркениеттің жетістіктері адам құқықтарын жүзеге асыруда үлкен артықшылықтар береді. Алайда жаңа технологияларды конструктивті пайдалану мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды», - деді Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми.
Айта кетейік, Конституциялық Кеңес ұйымдастырған форум жұмысына министрлер, еліміздегі мемлекеттік құрылымдардың жетекшілері, басшылары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, белгілі зааңгерлер және журналистер қатысты. Отырыс екі сессиядан тұрды.
Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми Конституцияның басты бағыттарын ататып өтіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республикалық референдумда қабылданған қолданыстағы Конституция елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітудің құқықтық негізін қалағанын жеткізді. Аталмыш мемлекеттік мерекені белгілеп, ерекше статуста атап өту – еліміздің өркениетті құқықтық жолмен дамитынын көрсетінін айтты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов цифрлы құқықтық қоғамның артықшылықтарына тоқталды.
«Жақында Франция елінде "Цифрлық Республика туралы заң" қабылданды, ол дегеніміз адамның жаңа құқығын - цифрлық өлім құқығын, яғни адам қайтыс болғаннан кейін цифрлық режимде жұмыс істейтін адам туралы ақпаратты өшіру құқығын береді. Сондықтан жаңа технологиялар арқасында цифрлық өркениет жағдайында өзгеріп жатқан дәстүрлі заңдарға да әсер етеді. Сонымен, Еуропалық Одақта заңды тұлғаның электрондық жеке тұлғаны тануы туралы мәселе қазірдің өзінде талқылануда. Сонымен бірге, мысалы автопилот басқаратын көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын жасағаны үшін жауапкершілік сұрақтары туындайды. Бұл да цифрлы құқықтық қоғамның жетістігі», - деді ол.
Конституциялық Кеңес жыл сайын, дәстүрлі түрде Ата Заңнын үстемдігін нығайту және отандастарымыздың құқықтық сауатын арттырып, конституциялық мәдениетін қалыптастыруға атсалысқан журналистер марапаттайды. Биыл да бұл дәстүр бұзылмай, бірқатар БАҚ өкілдерінің құқықтық салада атқарған еңбектері ескерілді.
Айдана Абдрахманова
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Transparency Kazakhstan 2020: Қандай мемлекеттiк мекемелерде жемқорлық фактiсi жиi кездеседi
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Үкімет отырысы: еңбек құқықтарының сақталуы мен уақытылы еңбекақыны қадағалау тапсырылды
-
Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Мереке қарсаңында елордадағы кафе мен мейрамханалардың жұмысы ерекше бақылауда болмақ
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
Кәсіптер атласы: Болашақтың мамандықтары қандай
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай

