- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада ҚР-ның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Ақордада ҚР-ның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
«Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралған отырыс барысында Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров ұлттық қауіпсіздік ұстанымы тұрғысынан кибер-кеңістікті дамытудың негізгі мәселелерін айқындап, мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарына назар аударды», - делінген хабарламада.
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы кибер-технологияларды дамыту және мемлекет пен қоғамның тіршілігіне енгізу үдерісінде пайда болатын заманауи қатерлердің спектріне талдау жасауға, сондай-ақ жаңа жағдайдағы мемлекет қорғанысын қамтамасыз етудегі қазіргі тәсілдерге де ерекше назар аударды.
Сарапшылық кеңес мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары пікір алмасу барысында киберкеңістіктің аса маңызды мәселелерін, соның ішінде киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, оны заңнамалық қамтамасыз ету, кибер-технологияларды милитаризациялау, жабдықтар өндірісі мен бағдарламалық қамтамасыз ету, мамандарды даярлау мен кадрлық жұмыс жайын қарастырып, талқылады.
Сарапшылық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша Қ.Қожамжаров киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді стратегиялық көрінісі мен кешенді тәсілдеріне назар аудара отырып, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының нақты міндеттерін айқындады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз