• Басты
  • Қосымша қызметтері мен білім дәрежесіне орай мұғалімдердің жалақысы өседі
27 Тамыз, 2019 19:25

Қосымша қызметтері мен білім дәрежесіне орай мұғалімдердің жалақысы өседі

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімге артатын жүктемені азайту мәселесі бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар ұсынған. ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Заң жобасын дайындау кезінде құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздің барлық өңірлерінен жинаған ұсыныстарды қарап, педагог қауыммен кездесіп, сұхбаттар жүргізген. Жұмыс барысында 18 мыңнан астам ұсыныс талданып, барлық ұсыныстар мұғалім мен сараптамалық топпен кеңінен талқыланған.

Қосымша қызметтері мен білім дәрежесіне орай мұғалімдердің жалақысы өседі | Strategy2050.kz

Педагогикалық қызметтің халықаралық тәжірибесі ескерілген Заң жобасы 19 баптан тұрады және қосымша 192 бапты қамтиды. Құқықтық ережеде педагогтарды материалдық немесе материалдық емес ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту секілді бес бағыттан тұрады.

Министр сөзінше Заңдағы мұғалімдерді материалдық емес ынталандыруға: педагог қызметкерлерінің жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігі, мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беру, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы мемлекеттк марапатын беру секілді бірқатар материалдық емес ынталандырулар қарастырылған.

«Мұнымен қоса мұғалімдердің кәсіби құқықтары кеңейді. Мысалы, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық әдістерін әзірлеу және қолдану, оқу құралдарын таңдау, ақпараттық ресурстарды тегін пайдалану және мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарын өздері таңдау құқықтары берілді. Сондай-ақ сайлану және сайланбалы лауазымдарға еншізілген жаңа құқық бойынша қабылданған шаралардың барлығы мұғалімдердің құқықтарын қорғауға, мәртебесін жоғарылатуға септігін тигізбек», - деді ҚР БҒМ.

Педагог жүктемесін қысқарту бойынша көзделген жеке нормаға сәйкес, мұғалімдердің кәсібінен тыс қызметтерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексеруге тиым салынады.  

«Мұғалімдерді өзінің негізгі қызметінен тыс жұмыстарға тартқан жағдайда 20-дан  120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Педагог мәртебесін арттыру мақсатында мұғалім қызметіне қойылатын талаптар күшейтілмек. Заң жобасы аясында 2021 жылдың қаңтарынан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растап, қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады. Онымен қоса заң жобасында жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша коммерциялық емес ұйымдарды енгізу, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындауды Үкіметке беру сияқты басқа да шаралар кіреді», - деді министр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 2 525 теңге.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетовтың сөзінше, мұғалімдерді негізгі материалдық ынталандыруға  сынып жетекшілігі қызметімен аналысқаны және дәптерлерді тексергені үшін ақыны екі есе өсіру және педагогтерге педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу де  қарастырылады.

«Заңға сәйкес, барлық педагогтардың демалыс уақыты 56 күнге дейін ұлғайтылады. Магистр дәрежесінің болғаны  және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төленеді және тағы да басқа ынталандырулар болады. ҚР Президентінің тапсырмасына орай, 4 жылдың ішінде жалақыны 2 есе өсіру көтеріліп жатыр. Оған қатысты бірқатар нормаларды іске асыру аясында қосымша заң жобасы әзірленіп, үш кодекске, 15 заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілмек. Нәтижесінде аталған заң нормаларына орай 173 мың мұғалім сынып жетекшілігі қызметі үшін, 165 мың мұғалім дәптерлерді тексергені үшін қосымша екі есеге ақы алады. Ал  212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты үшін айлық жалақысы 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемде қосымша ақы алса, 7 мың қызметкердің магистр дәрежесі үшін 10 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде қосымша ақы алуына мүмкіндік жасалынады. Сондай-ақ тәлімгерлігі үшін 18 мың қызметкердің 1 базалық лауазымдық мөлшерінде қосымша ақы алатын болады. 100 мыңнан астам педагогтар бұдан былай қосымша 14 күн жазғы демалыс алып, нәтижесінде олар 56  күн демалады», - деді министр Асхат Аймағамбетов.

Ал үкімет отырысына қатысқан Ақмола облысының Никольский атындағы орта мектебінің мұғалімі С.Сапарқызы аталмыш заң жобасының жоғары бағалады.  

Сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Батталов мұғалімдердің әлеуметтік мәселелері заң жобасы аясында қолдау тауып, педагогтардың мәретебесін арттыруға мүмкіндік беретіні алға тартты. Оның айтуынша, алғаш рет әр облыста жан-жақты талқыланып, дайындалған заң жобасы мұғалімдердің беделін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Заң жобасын іске асыру үшін үш жылға 930 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қажетті сомамен толық қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта алдағы үш жылға 930 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Соңғы 50 жылда  алғаш рет мұғалімдерге тәлімгерлігі, магистр атағы үшін қосымша ақы төлеу жоспарлануда. Келесі кезекте тиісті министрліктің негізгі міндеті - осы заң жобасын дер кезінде Парламентте қорғау. Бұны тезірек жүзеге асуын қамтамасыз етіп, қабылданғаннан кейін оның жай-жапсарын халыққа түсіндіріп айтқанымыз жөн. Жаңа ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, әкімдер де Заң жобасының елімізде қызу талқыланғанын айтты. Онымен қоса ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен  Педагог қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде де қолдау көрсетілді. Жоспарға орай аталмыш Заң жобасы кем дегенде 500 мың қазақстандық ұстаздың мүддесін қорғайтын болады», - ҚР Премьер министрінің орнбасары Бердібек Сапарбаев.

Айдана Абдрахманова

 
ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды