• Басты
  • Республикалық бюджет қаражаты барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді – А.Мамин
27 Тамыз, 2019 17:36

Республикалық бюджет қаражаты барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді – А.Мамин

Үкімет отырысында қарауға екі Заң жобасы енгізілді, олар: «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы». 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес ағымдағы жылы 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер туралы заңның қолданысы аяқталуына байланысты әзірленді.
Республикалық бюджет қаражаты  барлық әлеуметтік міндеттемелерді  орындауға мүмкіндік береді – А.Мамин

Ұлттық экономика  министрі Руслан  Дәленов айтып өткендей, жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге және өңірлік экономиканы дамытуға жергілікті атқарушы органдардың ынтасын арттыруға бағытталған.

«Трансферттердің көлемі Әдістемеге сәйкес есептелді.2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің мынадай ерекшеліктері бар.Жергілікті атқарушы органдарды шағын және орта бизнесті дамытуға ынталандыру.Ол үшін шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге беру қарастырылды.Өңірлердің ерекшеліктерін ескеру.Ол үшін жаңа коэффиценттер енгізілді», - деді Р.Дәленов.

Министр айтқандай,  бұл мектептер шағын жинақтылығы, ауыл шаруашылығының әлеуетті өнімдерінің көлемі, аумақ ауданы, тұрғын үй саны, өңірдің жалпы өңірлік өнімінде шағын және орта бизнестің үлесі.

« Даму бюджетіне екі жаңа компонент енгізілді.Жергілікті бюджеттердің кірістері өскен жағдайда, даму бюджеті ұлғаяды.Үшжылдық кезеңде жалпы өңірлік өнімнің өсуі жылдамдаған жағдайда субвенциялы өңірлер қосымша коэффициент алады.Бұрын нысаналы трансферттермен қаржыландырылған шығыстар жалпы сипаттағы трансферттерге берілді. Бұл 2020 жылы 635,8 млрд. теңге, 2021 жылы – 775,9 млрд. теңге, 2022 жылы – 909,7 млрд. теңге.Жергілікті бюджеттердің жалпы шығыстарының көлемі 2020 жылы – 4,8 трлн. теңге, 2021 жылы – 5,1  трлн. теңге, 2022 жылы – 5,4 трлн. теңге көлемінде айқындалды», - деді ол.

Сонымен қатар,  жергілікті бюджеттердің кірістер мен шығыстар болжамын ескере отырып жалпы сипаттағы трансферттер мынадай көлемде айқындалды.

«Осылайша, 2020-2022 жылдарға он үш субвенциялы және төрт донор-өңірлер анықталды, ал жергілікті бюджеттердің жалпы түсімдерінде трансферттердің үлесі 2019 жылы 60,3%-тен 2020 жылы 53,6%-ке дейін және 2022 жылы 49,3%-ке  дейін азаяды.Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арнал ған кепілдендірілген трансферт туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес әзірленді.Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті 2020 – 2021 жылдары 2 трлн. 700 млрд. теңге мөлшерінде 2022 жылы 2 трлн. 600 млрд.теңгеге дейін төмендетумен айқындау ұсынылады.Кепілдендірілген трансферттің бұл мөлшері төмендетілмейтін қалдығы бойынша шектеуді орындалады», - деді Р.Дәленов.

Өз кезегінде  2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Үкіметтің 2019 жылғы 27 тамыздағы отырысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып берді.

«Ұсынылған жоба орта мерзімді перспективада еліміздің алдына қойылған негізгі міндеттерді іске асыруға бағытталған.Тұрақты экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.Жоспарлаудың негізі ретінде базалық макроэкономикалық сценарий қабылданған.Ол жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуін, инфляцияның орташа жылдық дәлізін 2022 жылы 3-5%-ке дейін төмендетумен болжайды», - деді министр.

Сонымен қатар, бюджет кірістерін әкімшілендіру сапасын арттыру.

«Бұл міндетті іске асырудың негізгі көрсеткіші мұнайға жатпайтын түсімдердің көлемі болып табылады.Ол ағымдағы жылдың жоспарына 
1 трлн. теңгеге өсіммен 2020 жылға 7 трлн. 489 млрд. теңге сомасында жоспарланған.Бұл ретте шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы түсімдерінің 403 млрд. теңгесі жергілікті бюджет базасына берілді», - деді ол.

Министр айтқандай, үшінші мәселе  фискалдық орталықтанудан шығару және өңірлердің дербестігін арттыру.

«Өңірлердің салық әлеуетін күшейту жалпы сипаттағы трансферттер көлемін қайта қараумен және бұрын нысаналы трансферттермен қаржыландырылған бірқатар шығыстарды жергілікті бюджеттердің базасына берумен бір мезгілде жүзеге асырылуда.Жалпы алғанда, 2,6 трлн. теңге көлеміндегі, оның ішінде 2020 жылы 729 млрд. теңге шығыстар жергілікті атқарушы органдардың базасына берілді», - деді ол.

Сондай-ақ, бюджет шығыстарын оптимизациялау бойынша Президенттің тапсырмаларын орындау үшін бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Имидждік шығыстарды оңтайландыру, мемлекеттік тапсырмалардың біразын мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті тетіктеріне көшірумен және шығыстарды оңтайландырумен мемлекеттік тапсырмалардың санын қысқарту, тиімсіз шығындарды приоритетті бағыттарға бағдарлау, әкімшілер бюджеттік өтінімдерін берген кезде құнын асыруға жол берілген бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыру», - деді ол.

Сондай-ақ, ол айтқандай,  бұл жұмыстың нәтижелері бюджет жобасында ескерілген.

«Республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері мынадай көлемдерде қалыптасты.2020 жылға арналған түсімдер ағымдағы жылдың жоспарына 639 млрд. теңгеге өсіммен 11,2 трлн. теңгені құрайды.Мұнайға жатпайтын түсімдердің үлесі биылғы 61,4%-тен 2022 жылы 71,2%-ке дейін өсуді.Бюджет тапшылығы 2020 жылы жалпы ішкі өнімге 1%-ке дейін кезең-кезеңмен төмендетумен жоспарланған.2020 жылы шығыстар ағымдағы жылға қарағанда 809 млрд. теңгеге өсіммен 12,7 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отыр.Бұл ретте шығыстардың өсу қарқыны жалпы ішкі өнімнің өсу көрсеткішінен аспайды», - деді ол.

Министр атағандай, 2020 жылға арналған әлеуметтік сала шығыстары 303 млрд.теңгеге өсіммен 5 трлн. 692 млрд. теңге көлемінде жоспарланып отыр.

«Жыл сайынғы индекстеуге және зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны ұлғаюына байланысты қосымша 304 млрд. теңге көзделген.2020 жылдан бастап Президенттің педагогтардың мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша үш жылға 1,2 трлн. Теңге шығыстарымен іс-шаралар жоспарланды, оның  749 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттер базасына беріледі.Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толық көшу жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Ә. Смайылов  осыған байланысты, аталған бағыт бойынша шығыстар 217 млрд. теңгеге ұлғайтылғанын айтты.

«Жалпы алғанда, шығыстар құрылымында әлеуметтік саланың шығыстары 44,7%-ті құрайды, 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 47,6%-ке дейін өседі.Экономиканың нақты секторын дамытуды  қолдауға 2020 жылға 2 трлн. 039 млрд. теңге көзделген (2021 ж. - 1 685 млрд. теңге, 2022 ж. - 1 146 млрд. теңге).Аталған қаражат шеңберінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жалғасады, жаңа Бизнестің жол картасы бағдарламасы іске асырылады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, ауылдарды сумен жабдықтау, газдандыру және жастар мен аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру қамтамасыз етілетін болады», - деді ол.

Министр 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері осындай екенін  және  ол Премьер-Министр Кеңсесімен бірлесіп заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу дайындалатынын айтты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2020–2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде әрбір өңірдің ерекшеліктері және олардың экономикалық даму деңгейлері ескерілгенін атап өтті.  

«Республикалық бюджетте көзделген қаражат мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», — деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, бюджет шығыстары экономиканың нақты секторын қолдауға, оның ішінде индустриялық-инновациялық дамуға, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымына, агроөнеркәсіптік кешенге, цифрландыруға, өнімді жұмыспен қамтуға бағытталатын болады. 

«Өңірлердің әкімдері бюджет қаражаттарын жұмсау кезінде белгіленген бағыттарды ұстануы қажет», — деп атап айтты А. Мамин. 

Аталған заң жобалары Мемлекет басшысымен келісілген және белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясымен мақұлданған. Министрлер кабинетінің қарауының қорытындысы бойынша жобалар ҚР Парламенті Мәжілісіне жіберілетін болады.

Аягөз Құрмаш 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды