• Басты
  • Мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер қандай болмақ
27 Тамыз, 2019 15:59

Мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер қандай болмақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қаржы министрлігіне квазимемлекеттік секторды мемлекеттік сатып алу және сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу тапсырылды.
Мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер қандай болмақ

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында (2019 жылғы 24 мамыр) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте (2019 жылғы 20 мамыр) талқыланды.

Басты мақсат – мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында, оның ішінде оларды өткізуді орталықтандыру арқылы, оған отандық бизнестің толыққанды қол жетімділігін қамтамасыз ету, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету.

Президенттің осы тапсырмасын орындау үшін Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, оның ресми таныстырылымын өткізген.

Заң жобасындағы ең даулы мәселелердің бірі - сатып алу қорытындыларына шағым беруді ақылы болуын жасау. 

Вице-министр Р. Бекетаевтың айтуынша осы жылдың жеті айында 17мыңға жуық электрондық шағымдар түскен. Бұрын 2 мыңнан аспайтын еді. Олардың өсуі «кәсіби шағымданушылардың» арқасында пайда болды. 

Бүгінгі таңда сатып алу қорытындыларына шағым беру шарт жасасу мерзімін тоқтата тұруға әкеп соғады. Көбінесе шағымдар сатып алу рәсімдерін созуға және шарттар жасасу мерзімдерін бұзуға бағытталған. 

Осылайша, барлық шағымдардың жартысынан астамы әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысуға заңсыз жіберумен байланысты. Яғни, шағымдардың көпшілігі «өзіме де, өзгеге де жоқ» қағидаты бойынша беріледі.

Сондай-ақ кәсіби шағымшылардың пайда болуы орын алады, олар үшін шағым жасау мемлекеттік сатып алуды бұзудан заңсыз пайда алу құралы болды.

Шағым беру жүйесіне шектеусіз қол жеткізу үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, тапсырыс беруші мен жеңімпаз келісімшарттың орындалуын кідірту салдарынан шығындарға ұшырайды.

Сондықтан шағым беру үшін ақы алу қажеттілігі туындайды, бұл сатып алудағы осындай теріс пайдаланушылықтардың санын азайтуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, шағым беру үшін ақы алу тәжірибесі көптеген елдерде, оның ішінде ТМД елдерінде (Грузия, Украина, Армения) қолданылады.

Шағым қанағаттандырылған жағдайда төлемақысы қайтарылады, ал расталмаса бюджетке түседі. 

Әрине, бұл ақылы шағым беру рәсімі әлі Парламент депуттарымен және «Атамекен» ҰКП талқыланады. 

Заң жобасының тағы қандай ерекшеліктері бар?

Бірінші. Әкімшілік жауапкершілікті белгілеу.

Өтінімді заңсыз жіберу мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі бұзушылықтардың бірі болып табылатынына қарамастан, аталған іс-әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік жоқ. 

Бұл ретте, өтінімді заңсыз жіберуден басқа, негізгі бұзушылықтарға өтінімдерді негізсіз қабылдамау және әкімшілік жауапкершілік көзделген жоғары талаптарды белгілеу болып табылады. 

Бұдан басқа, іс жүзінде тапсырыс берушілер сот жосықсыз сатып алуға қатысушылар деп таныған әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу процесін қасақана созатын фактілер бар. 

Осыған байланысты, сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін мұндай өнім берушілер туралы мәліметтерді уәкілетті органға жібермегені немесе уақытынан бұрын жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылады. 

Екінші. Негіздемелік келісімдерді енгізу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату мақсатында мемлекеттік сатып алу процесін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік беретін «негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс» сатып алудың жаңа тәсілін енгізу ұсынылады. Осылайша, Еуропалық Одақ елдерінде бұл әдіс кеңінен қолданылады. 

Бұдан басқа, сатып алудың осы тәсілі БҰҰ-ның сатып алу туралы үлгі Заңында (ЮНСИТРАЛ) көзделген.

Әдетте, негіздемелік келісімдер қарапайым, стандартты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді орталықтандырылған сатып алу кезінде пайдаланылады.

Сатып алу процесі екі кезеңнен тұрады: 

-бірінші кезеңде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлері бойынша конкурс тиісті біліктілік талаптары қойылатын барлық әлеуетті өнім берушілер арасында өткізіледі. Барлық қойылатын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілермен негіздемелік келісім жасалады; 

-екінші кезеңде негіздемелік келісімде көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлаған барлық тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге тиісті өтінім жібереді. Бұдан әрі шарт баға ұсынысы ең аз болып табылатын әлеуетті өнім берушімен жасалады. 

Үшінші. Электрондық дүкен енгізу.

Электрондық коммерцияны дамыту жағдайында электрондық дүкен арқылы сатып алудың жаңа тәсілін енгізу ұсынылады. Бұл тауарларды сатып алуды айтарлықтай жеңілдетуге және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тек қана осы Интернет-дүкен тәсілін қолдана алмаған жағдайда сатып алу бір көзден жасалады. Осы тәсілдің перспективасы мол, себебі қазіргі уақытта сатып алулардың 11% немесе 306 млрд. теңгесі осындай кішігірім тауарлар мен жұмыстарға жатады.

Төртінші. Электрондық депозитарий.

Қазіргі уақытта әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру проблемасы бар. 

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру белгілі бір уақытты талап етеді. Әдетте, ұйымдастырушылардың уәкілетті органдар мен ұйымдарға сұрау салулары бір ай ішінде қаралады. 

Алайда, өтінімдерді уақытылы қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу жағдайында ұйымдастырушылардың ұсынылған құжаттардың дұрыстығын белгіленген мерзімде тексеруі мүмкін емес.

Осыған байланысты, жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың тізілімін (электрондық депозитарий) қалыптастыру ұсынылады. Тізілімге олардың шынайылығы тұрғысынан тексеруден өткен барлық құжаттар енгізіледі.  

Бұл дұрыс емес ақпарат беру фактілерін болдырмауға және Тізілімге енгізілген құжаттар негізінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін ұйымдастырушылардың уақтылы қарауына мүмкіндік береді.

Бесінші. Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін мемлекеттік сатып алуға қатысатын компаниялардың басшылары тартылған фактілер бар. 

Бұл ретте басшылары (құрылтайшылары) сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған компаниялар мемлекеттік сатып алуға қатысуды және конкурсты жеңіп алуды жалғастырады. 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жанжалдарына іліккен компаниялардың озық халықаралық тәжірибесіне сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді (БҰҰ-ның «ЮНСИТРАЛ» сатып алу туралы үлгі Заңы, ДСҰ-ның Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімі). 

Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуының жыл сайынғы көлемін (лимиттерін) белгілеу ұсынылады.

Алтыншы. Шарт жасасуға құқылы тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілердің тізілімін жүргізу

Тікелей жасасу жолымен бір көзден шарт жасасуға құқылы тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу ұсынылады. 

Бұл тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабының 3-тармағы шеңберінде шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шартты негізсіз жасасуымен байланысты. Мұндай фактілер жаппай сипатқа ие.

Мысалы, табиғи монополиялар субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы шеңберінде тапсырыс берушілер кеңсе тауарларын, жуғыш құралдарды, құрылыс материалдарын, байланыс және интернет қызметтерін және т. б. сатып алады.

Сондықтан, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу және алдын алу мақсатында тиісті тізілімді қалыптастыру ұсынылады.

Жетінші. Демпингті қолдану бойынша.

Қазіргі уақытта әлеуетті өнім берушілердің демпингтік бағаларды (негізсіз төмендетілген бағаларды) беру проблемасы бар. 

Әлеуетті өнім берушілер келісім-шарттардың артында бағаны негізсіз төмендетіп отырады, бұл жеткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына теріс әсер етеді. 

Көп жағдайларда негізсіз төмендетілген бағаларды ұсыну баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда демпингтік бағаларды беруге жол бермеу мақсатында әлеуетті өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингтік танылмайтын ең төменгі жол берілетін бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде соманы енгізу түрінде демпингке қарсы шараларды көздеу ұсынылады.

Сегізінші. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдету.

Рәсімдерді созу фактілерін болдырмау және мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Заңның 29 және 36-баптарына берілген өтінімдер болмаған немесе бір ғана өтінім берілген жағдайларда өтпеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізу ұсынылады.

Тоғызыншы. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың шекті мәндерін арттыру.

Қатысушыларға баға ұсыныстарын сұрату міндетін белгілеу және шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату сатып алуында демпинг белгілеу жағдайында осы сатып алудың шекті мәнін 4 мың еселенгеннен АЕК 8 мың еселенгенге дейін ұлғайту ұсынылады.

Бұл мемлекеттік сатып алуды тұтастай елеулі жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Оныншы. Тікелей шарт жасау арқылы бір көзден сатып алуды қысқарту.

Тапсырыс берушілердің құны 1000 АЕК аспайтын тауарлардың фирмалық атауларын көрсету мүмкіндігі, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейту жағдайында (шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу міндеті, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге демпинг белгілеу) Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасы шеңберінде сатып алынатын мәні аз тауарларды бір көзден сатып алуды алып тастау ұсынылады. 

Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған құқық қолдану тәжірибесінің нәтижелері бойынша түзетулерді қамтиды.

Жоғрыда көрсетілген Заң жобасы жоспар бойынша күзде Парламенттің қарауына жолданып, 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қайсар НОҒАЕВ

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды